АСТАНА. 20 ақпан. АҚШ-тың белгілі жазушысы, «Сайқымазақтың көзін жою» (To kill a mockingbird), «Күзетшіні тағайында» (Go set a watchman) сынды кітаптардың авторы Харпер Ли 89 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жазушының қайтыс болғаны туралы алғаш болып, Алабама штатына қарасты Монровилл қаласындағы Book Shoppe кітап дүкенінің ресми сайты хабарлады. Сондай-ақ, бұл ақпаратты қала әкімі де растады.
«Сайқымазақтың көзін жою» туындысы 1960 жылы шыққан. Кітапта АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан шағын қалашықтағы нәсілшілдік, ескілік ұғымның қалыптасып кетуі жайлы жазылған. Осыдан соң, 55 жыл бойы кітап жазбаса да, танымал жазушылардың бірі саналды. 2015 жылы Харпер Лидің «Күзетшіні тағайында» кітабы жарыққа шығады. Бір қызығы бұл роман «Сайқымазақтың көзін жою» туындысы басылып шыққанға дейін жазылып қойған әрі осы кітаптың жалғасы ретінде жазылды.
1961 жылы Харпер Ли әдебиет саласындағы еңбегі үшін Пулитцер сыйлығын алады. АҚШ-тың президенті Кіші Джордж Буш президент медалімен, ал оның ізбасары Барак Обама әдебиетке қосқан үлесі үшін ұлттық медальмен марапаттаған.
Ол 1926 жылы 28 сәуір күні Монровилл қаласында дүниеге келген. 1947 жылы Алабама университетіндегі заң саласы бойынша оқуын аяқтамастан, Нью-Йорк қаласына әдебиет бағытын қолға алу үшін көшіп кетеді. Алайда «Сайқымазақтың көзін жою» кітабы жарияланбас бұрын туған жеріне қайта көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Монровилде өмір сүрген.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: bbc.com.

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43