АЛМАТЫ. 22 ақпан. «Хабар» агенттігі сериалдар өндірісінің отандық нарығының дамуына өз үлесін қосуда. Телеарнада көктемгі тұсаукесердің бірі – «Зәуре» телесериалы көрсетіле бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Зәуре» – Күлбике туралы ертегі телехикаясының желісімен ұштасады. Жаңа телесериалда өгей шешенің қыспағына әбден шыдап келген қыз түптің түбінде тамаша адамға жолығып, бақытты болады. Телехикаяда ауылда туып-өскен Зәуре есімді жас қыз туралы баяндалады.
Жұрт жақсы білетін «Золушка» ертегісінің қазақстандық нұсқасының кейіпкерін «Одни из нас», «Нархоз» және «Он и Она» сияқты жобаларға қатысқан белгілі Динара Бақтыбаева ойнайды. «Он и Она» фильміндегі рөлі арқасында Динара жұртшылыққа кеңінен танылған.
«Бұл барлық қиыншылықтардан ханзада құтқаратын Күлбикенің оқиғасы емес. Біздің оқиғада менің кейіпкерім бәріне өз күшімен, жігерлігімен, талантымен қол жеткізеді», – деді Динара Бақтыбаева.
Сонымен сценарий авторы «Сұрбойдақ», «Осторожно, корова!», «Тракторшының махаббаты», «Коктейль для звезды», «ВУЗеры» сияқты жобалардың авторы Асқар Ұзабаев. Ал режиссері «Махаббатым жүрегімде 2» сериалын түсірген Ернар Нұрғалиев.
Сондай-ақ телехикаяда Нұрлан Төреханов, Венера Нигматулина, Айнұр Ниязова, Жандос Айбасов, Артур Төлепов, Камалия Байтөлеуова ойнайды.
Айнаш Есали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47