АЛМАТЫ. 22 ақпан. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өткен ғасырдың жетпісінші жылдары аты дүркіреп шыққан «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің әншісі, ұлағатты ұстаз Галина Қарамолдаеваның 70 жылдық мерейтойы мен ұстаздық қызметінің 50 жылдығын атап өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қыздар университетінде өткен айтулы шараға Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының әртістері мен Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері де қосылды.
«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамбілінің мүшесі Галина Қарамолдаева құраммен бірге «Гүлдерайым», «Тек қана қыздар», «Қамажай», «Қаракөзайым», «Алматының алмасы», «Бәрінен де сен сұлу» сынды әдемі әндерді шарықтата шырқаған.
Кезінде ансамбль қыздарының есімдері республикаға танымал болуымен қатар, өзге елдерге де бірнеше мәрте гастрольдік сапармен барған. Сонымен қатар, Галина Қарамолдаева мен ансамбль құрамындағы Ағайша Исағұлова екеуі жұп болып, «Қос қарлығаш» деген атпен халық жүрегінен орын алды. Өз кезінде жоғары бағаға ие болған бұл ансамбльдің бүгінде аты алтын әріптермен сақтаулы.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 22 Ақпан, 2016
«Айгүл» ансамблінің әншісі Галина Қарамолдаева 70 жасқа толды

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43