ШЫМКЕНТ. 22 ақпан. Ордабасы ауданына қарасты Амангелді ауылынан алты жастағы баланы белгісіз әйел белгісіз жаққа алып кеткен. Бұл туралы аудандық ІІБ-ның мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Амангелді ауылынан бала жетектеген әйелді көлігіне отырғызған таксистің айтуы бойынша, бейтаныс әйел таяқ тастам жердегі ауданға апаруға қалыптағыдан төрт есе артық ақша төлеген. Аудан орталығындағы әйел түскен жерде көлік көп. Шымкентке де, әуежайға да тоқтаусыз жүреді.
Содан бері бірінші сыныпта оқитын Мұхамедтен хабар жоқ. Сыныптастарының айтуы бойынша, бейтаныс толық әйел Мұхамедті өз атымен шақырып алған. Полициялар әлгі әйелдің куәгерлер анықтамасы бойынша фотороботын жасаған. Елуден мол асқан күдіктінің дерегі іздестіріліп жатыр. Ұрланған баланың оның шақыруына селт етпей, ілескеніне қарағанда бұл отбасыға таныс болуы да әбден мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан ІІБ-нің полицейлері Мұхамедтің суреті мен әйелдің нобайын жасап, хабарландыру берді. Байланыс телефондары: 8-701-716-64-64, 8-705-869-99-99, 8-777-186-22-88, (8-72-530) -2-14-13 немесе 102.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше