Өскемендік Евгений Крушинский таяуда танымал сайттардың біріне автокөлігін сататыны немесе айырбастайтыны туралы хабарламаны орналастырды. Зауыттан 1989 жылы шыққан «Запорожец» көлігінің иесі мүлік құнын 160 мың теңгеге немесе iPhone 5s маркалы телефонға бағалағаны жазылған болатын. Бүгінде сирек кездесетін көлікті Евгений екі жыл бұрын Риддер қаласынан сатып алыпты. Айтуынша, автокөліктің түрі адам көргісіз аянышты халде болған.
– Мұндай көлікті бала күнімнен армандадым. Сондықтан, риддерлік зейнеткердің «Запорожецін» сататынын естігенде, ойланбастан бардым. Көлікті өзім жөндеп, тәртіпке келтірдім. Қала ішінде бірнеше мәрте жүрдім. Адамдардың назары бірден ауады. Көшеде дабылдарын басып, күліп, тіпті, фотосуретке де түсіп жатады. «Запорожецім» осы уақытқа дейін бірнеше кәсіби фотосессияларға қатысып үлгерді, – деді ол. Ал көлікті сату туралы шешімге әйеліне сыйлық жасау үшін келгенін айтады. Келіншегінің соңғы үлгідегі телефон алғысы келетінін жеткізген ол оған ақша шығындамай-ақ «Запорожецке» айырбастап алуды жөн көрген. Жарнама ілінген соң хабарласушылар да аз болмаған. Жастар мен оқушылар төмен бағаға қызықса, көне көлік коллекционерлері уақыт өте құны арта түсетінін білгендіктен қоңырау шалады. Алайда, орталық қалалардағы көне көлік жинаушылар үшін қазір бір қаладан бір қалаға көлік тасымалдайтын маусым емес. Женя да көлікті сатуға асықпайтынын айтады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43