Димаш Құдайбергенов Мәскеудің Кремль сарайында өнер көрсетпек
Витебскінің «Славян базары-2015» халықаралық байқауынан жеңімпаз болып оралған Димаш Құдайбергеновтің кейбір жарыстан олжамен оралған жастардың қалың нөпірдің арасына сіңіп, біразға дейін үні шықпай қалатыны сияқты емес, керісінше, сол бәсекеден кейін танымалдығы одан сайын арта түсті.
«Шығыс базары» және «Мейкин Азия» байқауларының Гран-приін иеленген қазақтың қаршадай баласы туралы жақында кей басылымдар: «Димаш Құдайбергенов айтулы «Еуровидение» байқауына қатысуға дайындалып жатыр екен» деп біраз дүрлікті. «Қазақстаннан әзірге «Еуровидениеге» ешкім қатыспайды. Алайда, соған қарамастан ұйымдастырушыларға арнайы өтінішімізді бердік. Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті болғандықтан, Димаштың әлемдік деңгейдегі мұндай алаңға шығуы бір жағынан біздің оқу орнымыз үшін де үлкен абырой саналады. «Славян базары» конкурсы оны Еуропаға танымал етсе, мынадай ірі додада да ешкімге есе жібермесіне, жүлдемен ораларына сенімдімін», деген болатын ол туралы университет ректоры Айман Мұсақожаева.
Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеновтің «Ұлыбритания дауысы» және «АҚШ дауысы» байқауларына қатысуға ниет білдіруі жас әншіге деген сүйіспеншілікті одан бетер еселей түскен. Енді, міне, тағы бір тың жаңалық. Ол жақында Ресейдің эстрадалық жұлдыздарымен бірге Кремльдер сарайында өнер көрсетпек. Айтулы өнер сахнасында өтетін 8 наурыз – халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын 10 жылдық тарихы бар дәстүрлі «Все звезды для любимой» жобасының ұйымдастырушылары биыл тұңғыш рет қазақстандық әншіні аталмыш кешке шақырып отыр. Лев Лещенко, Валерий Меладзе, Николай Басков, Леонид Агутин, Анжелика Варум, Сергей Лазарев, Кристина Орбакайте қатысатын осы кеште Д.Құдайбергенов екі ән орындамақ. Орыс эстрадасының танымал жұлдыздарымен терезесі теңескен қазақ баласының өнердегі қадамдары бұдан да биіктеп, өркендей беруін тілейміз.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43