Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» деректі фильмінің премьерасы өтті.
Фильмнің аты айтып тұрғандай, экрандық туынды Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен өнегелік мектебі туралы баяндайды.
«Біртуар сардардың беймәлім қырларын ашуға көбірек мән берілген туынды көпшілікке ұнауы тиіс. Қайраткердің әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілігі, отбасы құндылықтарын қорғаудағы шынайылығы кейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін қашанда үлгі болып қала береді. Мұндай қайталанбас тағдырлар туралы ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Осы орайдағы идеямызды ойдағыдай жүзеге асыра алдық деп есептеймін» деді фильмнің режиссері Сатыбалды Текеев журналистерге берген сұхбатында.
Деректі картина тұлғаның лейтенант-майдангерден қолбасшылыққа дейінгі өмір жолы, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі көп жылғы қызметі туралы баяндайды. Туындының басым бөлігі режиссердің кейіпкермен болған біраз жылдар бұрынғы соңғы сұхбатын қамтиды.
Тағы бір айта кететін жайт, премьералық көрсетілімді Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің жетекшілері мен мүшелері, екінші дүниежүзілік соғыс пен ауған соғысының ардагерлері, басқа да тұлғалар келіп тамашалады.
«Мен танымал тұлғаның шынайы бейнесі өрілген деректі фильмнің авторларына ризашылығымды білдіргім келеді. Әсіресе, келешек Отан қорғаушылар мен жас әскерилер үшін мұның пайдасы мен тәрбиелік мәні ұшан-теңіз. Және де картинаны Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі туралы алдағы түсірілетін фильмдер мен шығармалардың басы деп санаймын. Оның өмірлік тәжірибесі бізге қашанда өнеге мектебі болып қала бермек», – деді запастағы генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев.
«Егемен-ақпарат».

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше