Еліміздің үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰҚ» акционерлік қоғамы президентінің орынбасары Айдын Айымбетовтің келуі қостанайлықтарға қуаныш сыйлады. Ол алдымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде болып, оқытушылар құрамымен және студент жастармен кездесті.
Жастардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Бала кезінен ғарышкер болуды армандап, алдына мақсат қойып, сол жолда табандылық көрсеткен Айдын Ақанұлының әңгімесі студенттерді де рухтандырғандай еді.
Айдын мұнан кейін Достық үйінде Қостанай жұртшылығымен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Кездесуде қарт ақын Жолбарыс Баязид, ақын ұстаз Александра Суслова ғарышкерге арнаған өлеңдерін оқыды. Суретші Николай Торшин Қостанай өңірі табиғатының көрінісін бейнелеген өз шығармасын тарту етті. Ғарышкер халқымыздың тұңғыштарын, ірілерін берген топыраққа келгеніне, көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Көпшіліктің сұрағына жауап берді, емен-жарқын әңгімелесті. Осы кездесуде халқымыздың жақсы ырымы да орынды жасалды. Ата-анасының сұрауымен Айдын 11 айлық кішкентай Бекнұр Мәдениеттің тұсауын кесті.
Айдын Айымбетов облыс орталығындағы «Қазтелеком» акционерлік қоғамының облыстық бөлімінің де қонағы болды. Онда құрметті қонаққа қарқынды дамып отырған байланыс қызметінің жетістіктері көрсетілді. Осы кездесуде Айдын Ақанұлы дамыған байланыс түрінің арқасында сонау шалғайдағы Жанкелдин ауданының құрметті азаматтарымен бейне-конференция арқылы жүздесіп, сәлем берді. Торғай өңірінің ақсақалдары ғарышкердің ерлікке пара-пар еңбегіне сүйсінетіндіктерін айтып, тілектерін жеткізді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше