Елордадан шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы Шығыс өңіріне келді. Алдымен Аягөз ауданындағы Ақтоғай стансасына келген пойыздағы меймандарды шығысқазақстандықтар мерекелік концертпен қарсы алды. Одан кейін Жарма ауданының Шар қаласына аялдады. Жалпы, «Мәңгілік Ел» пойызы Шығыс өңірінде бес қалаға тоқтады. Оның ішінде Өскемен мен Семей және Зырян қалалары бар. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде жолға шыққан пойыз құрамында «Мәңгілік Ел» идеясы мен бес институттық реформаны түсіндіру, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру үшін 96 адамнан тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар енді. Сонымен бірге, 33 білікті дәрігер бар.
Медицина қызметкерлері пойыз тоқтаған қалалар мен кенттерде қабылдаулар өткізіп, халықтың денсаулығын тексеріп, кеңес берді. Сондай-ақ, еліміздің Әділет, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жергілікті тұрғындарды қабылдап, консультация өткізді.
Облыс орталығына жексенбі күні жеткен мәңгілікелдіктерді қала тұрғындары «Өскемен-1» теміржол вокзалынан шат-шадыман көңіл-күймен күтіп алды.
– Қазақстанның інжу-маржанына саналатын туған жерімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Тәуелсіздігіміздің тарихы – табысты еліміздің ұлы жылнамасы. «Мәңгілік Ел» – біздің бабаларымыздың арманы, қазақстандықтардың ортақ ұлттық идеясы. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан халқы өзінің келісімімен, достығымен, тағаттылығымен әлемге үлгі болып отыр, – деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.
«Мәңгілік Ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтің айтуынша, аталған жобаға қатысушылар үшін Абай мен Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлыларды сыйлаған қасиетті жерге аяқ басу – үлкен қуаныш.
– Біз Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындарына риза болдық. Өйткені, өз Отанын сүйетін адамдарды көрдік. Олардың жанарынан сенімділіктің ұшқынын байқайсыз. Барлығы еліміздің гүлденуіне, көркеюіне еңбек еткісі келеді. 2016 жыл – ерекше жыл. Біз бұл жылды әлеуметтік мәселелерді шешуден бастап отырмыз, – деді ол. Мәселен, пойыздағы дәрігерлер қауымы Зырян қаласында – 334, Шар қаласында 490 адамның денсаулығын тексеріп, медициналық қорытынды жасаған екен.
Өскеменде жалпыреспубликалық акцияға қатысушылар өңір жастарымен дөңгелек үстел басында кездесті. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстар аясында жүзеге асырылған бірқатар жобалар таныстырылды. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен кездесуде «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының көрсеткіші» тақырыбымен тұсаукесер-дәрісі, «Мәңгілік Ел – ұлт келешегінің рухани негізі» атты екіжақты сұхбат өтті. Сонымен бірге, меймандар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тәуелсіздікке – 25 жыл» атты кітап көрмесін тамашалады. Қонақтарға университет мұражайы, «Зияткер» ғылыми-зерттеу орталығы мен дәрісханалар таныстырылды. Өздерінің білім-біліктерін көрсеткен жастардың ғылыми жобалары мен өзге де жұмыстарын делегаттар жоғары бағалады. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өрістету бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Құралай Қанахина өңір кәсіпкерлеріне наурыз айынан бастап «Кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық картасы» іске қосылып, барлық өңірлердегі шағын және орта бизнестің даму деңгейі, проблемалық мәселелері мен әлеуеті, кәсіпкерлердің ұсыныстары арнайы порталда жарияланып, бизнестің алға басуына тағы да бір ерекше жағдай туғызылатынын жеткізді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38