ҚАРАҒАНДЫ. 23 ақпан. Қарағанды облысының тәртіп сақшылары Теміртау қаласында есірткі сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Теміртаудың 49 жастағы тұрғыны құрған қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері ұйымдасқан түрде аса сақтықпен әрекет етіп келген. Сатып алушылар ақшаны бөгде біреулердің атына ашылған карт-шоттарға аударғаннан кейін, есірткінің қай жерде жасырылғаны туралы хабарды ұялы телефон, хабарламалар арқылы алып жүрген.
Қазіргі таңда қылмыстық топтың құрамындағы сегіз күдікті түгелдей қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше