Жақында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың делегациясы компания президенті Асқар Маминнің басшылығымен жұмыс сапарымен Иранда болып қайтты. Тегеранда ҚТЖ басшылығы Иран көлік саласының бірқатар ведомстволары мен компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізді.
«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағынға интеграциялау мен «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодалдық көлік дәлізін құру бойынша келіссөздер нәтижелі аяқталды. «Social Security Investment Company» (SHASTA) компаниясының бас директоры Сейед Мұхаммад Реза Аятоллахимен іскерлік келіссөз барысында Бандер-Аббас теңіз портында бірлесіп терминал және Түрікменстан мен Иран шекарасында орналасқан Инчебурун стансасына жақын жерде құрғақ порт қағидаты бойынша инфрақұрылымдар нысандарын салу мәселелері талқыланды.
Аталған терминалдық жобалар логистикалық инфрақұрылымдар қалыптастыруға және Парсы шығанағы порттарынан транзиттік және экспорттық жүктер үшін жіберу нүктелерін құруға бағытталатын болады.
Жұмыс сапары шеңберінде «Raja Rail Transportation Co» компаниясының бас директоры Хасан Мұсавинежадпен келіссөз өткізілді. Оған «Patentes Talgo S.А» компаниясының президенті Карлос Паласио Ориоль қатысты. Келіссөз барысында Ирандағы жолаушылар тасымалын дамыту бағдарламасы шеңберінде «Тұлпар-Тальго» ЖШС шығаратын жаңа үлгідегі 200 жолаушылар вагонын сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Иран Ислам Республикасы темір жолының бас директоры Мохсен Пур Сейед Агаимен кездесу кезінде 2016 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тасымал көлемін 2,5 миллион тоннаға дейін жеткізу бойынша белгіленген жоспарлар мәселесі қарастырылды.
Тараптар Қазақстан – Түрікменстан – Иран жаңа халықаралық теміржол желісі бойынша тасымал көлемін өрістету үшін оңтайлы тарифтік жағдай қалыптастыру туралы оң ниеттер бар екенін қуаттады.
Қытайдан Иранға тұрақты негізде контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Иран теміржол тарихындағы алғашқы контейнерлік пойыз өткізілгенін зор қанағат сезімімен атап өтті. Аталған пойыз Қытайдың Иву қаласынан шығып, Иран астанасы – Тегеранға атбасын тіреген болатын.
Маршруттың ұзақтығы 9 мың шақырымнан асады, ал жүкті жеткізу мерзімі – 14 тәулік. Бұл жүкті теңізбен жеткізгеннен әлдеқайда аз (30 күнге дейін).
Кездесу барысында Ресей экспортын Өзен – Берекет – Горган теміржол тармағы арқылы Иранға жеткізу бағытындағы жұмыстарды белсенділендіру мәселесі де талқыланды.
Сауда ағындарын, атап айтқанда, Иранның азық-түлік тауарлары экспортын Қазақстан мен Ресей нарықтарына жеткізуді қамтамасыз ету бойынша уағдаластықтарға да қол жеткізілді. Бұл үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың рефрижераторлы контейнерлер паркін пайдалану жөнінде келісім жасалды.
Бұдан бөлек, теміржол машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары, Иран темір жолымен «Evolution» сериясындағы 150 локомотивті, 70 жолаушылар электровозын, 5 мың жүк вагондарын, рельстер мен рельстердің жолын ауыстыру құрылғыларын экспорттық жеткізу бойынша ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланды.
Келіссөздер қорытындылары бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Сәулебек БІРЖАН.

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29