АСТАНА. 25 ақпан. Ирак мемлекетінің астанасы Бағдад қаласында жанкештілердің лаңкестік әрекеттерінен 15 адам мерт болды. Сондай-ақ, 50-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қаланың Эш-Шула ауданында орналасқан мешіттердің бірінде екі жанкешті өздерін жарып жіберді. Олардың бірі белдікке оралған жарылғыш заттарын мешіт ішінде іске қосса, екіншісі оқиға орнына тәртіп сақшылары келген сәтте жоспарын жүзеге асырған. Полиция қызметкерлерінен 4 адам мерт болды.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын экстремистік топтардың мүшелері Рамади қаласында шабуыл жасап, 13 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, атышулы лаңкестер осыған дейін бірнеше мәрте ғибадат орындарында террорлық әрекетке барып, тарихи орындарды жермен жексен еткен.
Жалпы содырлар ұйымы 2014 жылдың жазынан бері Ирактың солтүстігі мен батысында шабуыл жасап келеді. Әлемдік қолдау мен майдан алаңындағы жеңістеріне қарамастан ел басшылығы әлі күнге дейін билікті толығымен өз қолдарына ала алмай келеді. Ирак жерінің үштен бір бөлігі лаңкестер тобының басқаруында.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше