Архимед Мұхамбетовтің Қостанай облысы тізгінін ұстағанына әлі жарты жыл болған жоқ. Облыс экономикасы мен әлеуметтік өмірін жете зерттеп, сенімді қадамдар жасап үлгерген әкім облыс жұртшылығы өкілдері алдында өткен жылы өңірдегі біткен істер мен алдағы жоспарлар, мақсаттар туралы айтып берді.
Қазір де облыстың өнеркәсіп саласына әлемдік нарықтағы шикізат бағасының төмен құлдырауы, Ресей мен Қытай экономикасының баяулауы әсер етуде. Соның салдарынан облыс өнеркәсібінің көлемі 18 пайызға, өнім өңдеу саласында өндірістік көрсеткіш 10 пайыздай төмендеді. Мұның барлығы шикізатты ғана емес, машина құрастыру, тамақ өнеркәсібі салаларында өнімді сатудың қиындығынан орын алды. Тек ірі өндірістен облыста металлургия өнеркәсібінің өндіріс қуаты артты. Аталған саланың даму қарқыны 10 пайызға артып, есепті мерзімде 41 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл «ЕвразКаспианСталь» кәсіпорнының белсенді жұмысының арқасында мүмкін болды. Мұнда 276 мың тонна көлемінде құрылыс прокаты шығарылды, бұл 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 есе артық.
Дағдарыс екен деп экономиканы шегіндіруге болмайды. Аймақ басшысы бұл үшін тек облыс қана емес, республика экономикасына ықпалы бар Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі, «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының филиалдары, «Қостанай минералдары», «Варваринское», «ЕвразКаспианСталь», «Жас қанат-2006», «АгромашХолдинг» «Ақ-Тас СК» секілді ірі өндіріс кәсіпорындары жөнінде Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, проблемалы мәселелерді шешу жұмыстары қолға алынатындығынан хабардар етті. Сонымен қатар, экономикадағы дағдарыс әкелген дімкәстікті жазудың бірден-бір жолы өңірге инвестиция тарту екенін айтты әкім. Өткен жылы облыстағы негізгі капиталға 167 миллиард теңге тартылды. Бірақ бұл 2014 жылға қарағанда 16 пайызға кем болатын. Сонымен қатар, өткен жылы бюджет қаражатынан қаралған жобалардың 40 пайызы қысқарды. Бірақ өңірді өндірістік-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасын тауып келеді. Индустрияландыру картасы бойынша өткен жылы 4 кәсіпорын қатарға қосылып, олардан 126 адам жұмыс тапты. 2016 жылы 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп отыр. Архимед Бекежанұлы келгелі шетел инвесторларын өңірге тікелей тарту ісін қолға алды. Ресей мен Қытай инвесторлары атқаратын 9 жоба дайындалу үстінде. Шетел инвестициясын тарту арқылы өңірде керамикалық плиталар зауыты, жылыжай кешендері, полиграфиялық өндіріс, жаңа машина маркаларын құрастыру секілді жұмыстар жүзеге асатын болады. Ауыл шаруашылығына да инвестиция, оның ішінде шетелдік инвестиция тартылады. Әкім шағын және орта бизнестің дамытылатынына да сендірді. Облысаралық ет кластерін құру өңірдің ауыл шаруашылығындағы айтулы қадам, жылы жаңалық болып отыр. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары және Inalca Eurasia Holdings GesmbH арасындағы мәміле ет экспорты әлеуетін арттыруға мүмкіндік туғызатын болады. Ет кластерінің аясында осы үш облыста бордақылау алаңдары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, шаруа қожалықтары құрылады.
Экономикалық әлеуеті мықты облыста әлеуметтік мәселелер де жетіп артылады. Бүкіл елді мекеннің 10,5 пайызы ғана көгілдір отынды пайдаланады. Биыл 8 елді мекенге газ барады. Ал ауызсу мен жол, баспана да Қостанай өңіріндегі өткір мәселелердің бірі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 23,1 мың адам кезекте тұр, оның 11 мыңы Қостанай қаласынан алғысы келеді. Әкім есеп беріп болған соң, оған алғашқы қойылған сұрақ та нақ осы тұрғын үй мәселесі туралы болды. Қостанай қаласының тұрғыны Екатерина Медель биыл Қостанайда әлеуметтік қанша үй салынатынын, өткен жылғы секілді ипотекалық компаниялар желісі арқылы қостанайлықтарға берілер жеңілдіктер туралы білгісі келді. Архимед Бекежанұлы өзге өңірлерге қарағанда Қостанайда әлеуметтік баспаналар салудың аздығын бірден айтты. Өткен жылы барлығы 249 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, соның 16 мың шаршы метрден астамы ғана бюджет қаржысына салынды. Ол қазір 2017 жылы салынатын үйлерге құжаттар дайындау жұмысы жүріп жатқандығын жеткізді. Соңғы кезде Қостанайда ауладағы бос жерге көп қабатты үйлер сала беру әдетке айналған. Тіпті, үйлердің жиілігінен адамдардың тынысы тарылғандай, балаларға ойнайтын жер қалмайды. Облыс әкімі осылай мінгесе салынғалы жатқан үйлердің құрылысын бастауға тыйым салғанын айтты. Құрылтайшылар салатын жаңа үйлер кең, жаңа жерлерден түсетін болады.
Облыс әкімі баяндамасында басымдықты экономиканы дамытуға арнаса, оған келіп түскен сауалдар негізінен әлеуметтік мәселелерді қозғады. Жолдардың жағдайы, мектептердің жөнделуі, стадиондар мен спорт мектептерінің жағдайы, кейбір құқықтық мәселелер қамтылды. Әкім аға буын өкілдері қойған сауалға сәйкес Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай кемеңгер ағартушының кесенесі қайта жөнделетінін жеткізді.
Облыс әкімі жұртшылық алдында берген есебінің соңында «Көркейе бер, Қостанай!» акциясының тұсауын кескенін де хабарлады. Акция шеңберінде туған жерден жырақта жүрген түлектерді туған жерді көркейтуге тарту ісі жүзеге асатын болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қостанай облысы.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49