Шымкенттік SCAT авиакомпаниясы наурыз айынан бастап Алматы – Шарм-эль Шейх – Алматы бағытындағы әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр. Көне Мысыр еліне әуе кеңістігі ашылатындығы жөнінде Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Өз кезегінде Fly Egypt әуе компаниясы Қазақстанға наурыз айынан бастап аптасына екі рет тұрақты рейстер ұшыруды көздеуде.
Қазақстанның Азаматтық авиациясы қажетті құжаттарын рәсімдегеннен кейін авиакомпанияға отыз күн аралығында рұқсат беріледі. Бүгінде екі ел арасындағы әуе кеңістігі қауіпсіздік мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан туристік қауымдастығының қатысуымен бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр.
Әуе кеңістігінің қауіпсіздік жүйесі Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайы барлық талаптарға сай деген қорытындыға келді. Оқырманға түсінікті болу үшін артқа шегінсек, өткен жылдың қазан айының соңында Мысыр жерінде Ресей ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Қазақстан мен Египет арасында қатынайтын авиакомпаниялардың қызметі тоқтаған болатын.
Бүгінде құрсаудай қысқан сең бұзылды. «Бармасаң келмесең, жат боласың», дейді халық даналығы. Оның үстіне, араб кәсіпкерлері Қазақстанға ірі көлемде инвестиция салуда. Сондықтан Қазақстанға құшағы ашық елмен қайтадан байланыс орнатудың маңызы зор.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше