«ЗИКСТО» зауыты ширек ғасырға жуық теміржол саласына жүк вагондары мен платформалар шығарумен айналысып келеді. Осы уақыт бедерінде біраз тәжірибе жинақтап, бәсекеге қабілетті отандық өнімдер игеру жөнінде еліміздегі жетекші кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Алайда, соңғы кездердегі әлемдік қаржы дағдарысының салқыны салдарынан инновациялық технологияларды өндіріске енгізу мәселесінде біраз қиындықтардың туындағаны рас. Әсіресе, Ресей секілді алпауыт мемлекетпен бәсекелестікке шыдау оңай емес. Тығырықтан шығу жолдарын қанша қарастырғанмен, мемлекеттің қолдауынсыз алға ілгерілеу қиын. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин Қызылжар өңірінде болған жұмыс сапарында Жолдаудағы тапсырмаларға сәйкес экономиканың жеке секторларын дамытудың арнайы қабылданған бағдарламасы шеңберінде аталмыш кәсіпорында жиын өткізді. Онда «Вагон парктерін жаңғырту» жобасы бойынша жүзеге асырылатын басым бағыттар талқыға салынып, өзекті мәселелер аясында ой-пікірлер алмасылды.
А.Мамин өз сөзінде Үкімет вагон құрастыру үшін 17,5 миллиард теңге бөлгенін, негізгі салмақ Қызылжар өңірінің ауыр машина жасау жұмысшы-қызметкерлеріне түсетінін, сол себепті платформалар мен бидай тасымалдау вагондарын құрастыру үшін жергілікті жерлерден жоғары белсенділік, зор ұйымдастырушылық талап етілетінін атап көрсетті. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов вагон паркін жаңарту саласында өңір мүмкіншілігі жоғары екенін, екіжақты тиімді әріптестік қарым-қатынасты дамыту ойдағыдай орындалатынын жеткізді.
«ЗИКСТО» АҚ-тың бас директоры Валерий Спицын өнімнің өзіндік құнын төмендету, сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Оның айтуынша, 25 тонналық вагондарды жөндеуден өткізудің диагностикалық орталығын құру белгіленген. Бүгінде лицензиялық шарттар әзірленген. Ресейлік «Уралвагонзавод» АҚ-пен келісім орнату арқылы жобаның екі нұсқасы жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде жүк көтеру ауқымдылығы жоғары жартылай вагондардың үлесі мол.
Кездесуден кейін «Петропавл ауыр машина жасау зауыты», «Киров атындағы зауыт», «»Мұнаймаш» АҚ-тар мен «ГРИБО» ЖШС-нің өнімдері қойылған көрме тамашаланды. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-тың теміржол компаниясымен байланысы өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды. Оның бас директоры Қуаныш Бишімов он жылдан бері мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтіндерін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өнім көлемі арта түскенін мәлімдеді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27