Қазіргі таңда баса көңіл бөлетін мәселенің бірі – өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қалу. Бүгінгі қиыншылық кезінде нан жеп отырған жұмысынан айырылған адамнан өткен бейбақ жоқ. Және де мұның кесірі ең алдымен әлеуметтік тұрақтылыққа тиеді. Міне, осы өзекті мәселенің алдын алу үшін Қарағанды облысының басшылығы қолдағы бар мүмкіндіктің бәрін қарастырып, жан-жақты шаралар қабылдап жатыр. Осының бір мысалы ретінде, Қарағанды облысының әкімдігі мен өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың аймақтағы экономиканың дамуы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған іс-әрекетін айтуға болады.
Ірі кәсіпорындар демекші, бұлардың қатарында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Жәйрем тау кен-байыту комбинаты» АҚ, «Қарцемент» АҚ, «Теміртау электр металлургия комбинаты» АҚ, «Nova Цинк» ЖШС сынды алпауыт компаниялар бар. Жалпы, меморандумға 23 ірі кәсіпорын қол қойды.
Сондай-ақ, ірі өндірістік кәсіпорындар Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнес саласындағы өндірушілерді қолдауға даяр екендіктерін білдірді. Соның нәтижесінде тауар сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетуге тапсырыс беру арқылы жалпы сомасы 52,2 млрд. теңге болатын бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Негізі, бұл жұмыстарды облыстық әкімдік тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бүгінгі күннің өзінде облыста өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, бизнестің ұзақ мерзімді орнықтылығы мен жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әкімдік пен жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында 2993 өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылған. Мұның ішінде 171 ірі және 461 орта кәсіпорындармен меморандум міндеттері туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл дегеніңіз, облыста тіркелген ірі және орта кәсіпорындардың 100%-ын құрайды. Ал кіші кәсіпорындармен қол қойылған меморандумдардың саны 2361-ге жеткен. Осы игі шаралардың нәтижесінде, меморандум бойынша мойнына міндеттеме алған кәсіпорындардағы 300 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Бұл жай ғана құрғақ сөз, құнсыз құжат емес. Меморандумда келісілген шарттардың орындалуын облыс әкімдігі үнемі қадағалап отырады.
Меморандумдардың мазмұны облыстың алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді есепке ала отырып түзілген. Егер де өндіріс көлемі азайып, еңбеккерлер жұмысынан айырылып қалар күн туып жатса тараптардың, атап айтқанда, атқарушы билік, жұмыс беруші және кәсіподақтардың іс-әрекеті меморандум құжаттарында тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Яғни, бүгінгі күнде меморандум – өндірістік даму мен әлеуметтік тұрақтылықтың ара жігін ажыратпай ұстап тұрған құнды да маңызды құжат.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27