Облыс әкімдігінде өңірдің ірі кәсіпорындары арасында өндіріс үрдістерін тұрақтандыру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және жұмысшылардың еңбек құқықтары мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжатқа қол қойған кәсіпорындардың қатарында «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 ЖШС-лар, «Богатырь Көмір» ЖШС секілді алып өндірістер бар.
– Біздің негізгі міндетіміз – экономиканың қазіргі кездегі даму деңгейі мен жұмыс орындарын сақтай отырып, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру, – деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Айтса айтқандай, бұл өндірістік алып кәсіпорындардың бәрінде де мыңдаған адам еңбек етуде. Қазір кәсіпорындар негізінен өндіріс орындарында жаңарту, жаңғырту жұмыстарымен айналысуда. Жаңа технологиялар енгізілді, бұл өндірісте еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді. Сонымен бірге, экологиялық, қоршаған ортаны қорғау жағдайларында электр сүзгілер орнатып, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Өндіріс орындарына жастар көптеп келуде. Кәсіпорындарда дуалды оқуыту жүйесі бойынша көптеген кәсіптік-техникалық колледж түлектері әрі білім алып, әрі өндірістік тәжірибеден зауыттарға келіп өтуде. Бұл да жастар үшін жұмыс орындарының кепілдігі. Сондықтан, қол қойылған екіжақты меморандумдар барысында жұмыс орындарын сақтау қажеттілігіне баса назар аударылды.
Яғни, облыс әкімдігі кәсіпорындардың өндірістік күрделі мәселелерін шешу, инвестициялар тарту мен инновацияларды енгізу шараларын қарастырады. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен кәсіподақтың қатысуымен әлеуметтік әрекеттестік пен еңбек қатынастарын реттеуге, жұмысшыларды өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау мен кәсіби оқытуды жүргізуге жәрдемдеседі. Меморандумда айтылғандарды орындау, оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл күндері облыста өндіріс үрдістерін тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшыларды жұмыспен қамту бойынша 1546 меморандумға қол қойылды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59