Дағдарыс жағдайындағы жергілікті атқарушы биліктің басты міндеті кәсіпорындарда жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу болып табылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе хром қосындылары зауыты басшылығы және жұмысшыларымен кездесу барысында осы мәселеге айрықша назар аударды.
Өңір басшысы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі күні әлемдік экономикада қалыптасқан күрделі жағдайда бірлесіп, стратегиялық тұрғыдан ортақ ойласып және ақылмен жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті. Бұл үшін ірі кәсіпорындардың, тауар өндірушілердің, шағын және орта бизнес пен басқа да шаруашылық құрылымдарының жұмыстарын үйлесімді жүргізу қажеттігін атап өтті.
Бердібек Сапарбаев сонымен қатар, экономикалық дағдарыстың әлеуметтік төлемдердің – жәрдемақылар мен жеңілдіктердің, сондай-ақ, ұйымдарда еңбекақының кешігіп төленуіне себеп бола алмайтынын қадап айтты. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 4,9 пайызын құрайды, бұл көрсеткіш жалпы республикалықтан 0,2 пайызға төмен. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылды, еңбек ұжымдары арасында тұрақтылық сақталуда.
Сонымен бірге, өңір басшысы Қазақстан бойынша, оның ішінде Ақтөбенің де негізгі саласы өнеркәсіптің экономикалық сипаттағы сыртқы теріс әсерлерден қашып құтыла алмағанын жасырған жоқ. Облыс бұл ретте экспортқа бағытталған. Сондықтан да әлемдік дағдарыс нәтижесінде 2014 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4,5 пайызға төмендеді.
Жиында кәсіпорынның өткен жылғы өндірістік бағдарламаларының және ұжымдық келісімшарттың орындалу барысы талқыланды. Өз кезегінде «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ басқарма төрағасы Алексей Химич кәсіпорынның 2015 жылғы негізгі жұмыс қорытындыларына тоқталды. Оның айтуынша, зауыт ұжымдық еңбек келісімшартында жазылған барлық шарттарды және өздеріне алған әлеуметтік міндеттемелерін орындаған.
Ол сондай-ақ, зауыт жұмыс істейтін қазақстандық құрамның үлесі бүгінгі күні 66 пайыздан жоғары екенін атап көрсетті.
Облыс әкімі жиын барысында зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап бере отырып, бүгінгі күні атқарушы билік пен бизнес құрылымдары арасында өнімдердің бірқатар түрлеріне бағаларды реттеу туралы бірнеше меморандумға қол қойылғандығын мәлімдеді. Өңір басшысы кәсіпорын басшылығына өндірістік қуаттарды одан әрі өсіру, қазақстандық құрамды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06