25 жылдығына орай сапарға шыққан «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы Өскемен мен Семейді аралап, 23-24-і күндері Кереку өңіріне келгенін бұған дейін хабарлаған едік. Ал әуелі Ақсу қаласына аялдаған пойызды келесі кезекте облыс орталығы – Павлодар қаласының теміржол вокзалынан қала әкімі Болат Бақауов бастаған ҚХА мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті жастар, қала тұрғындары қарсы алды. Арнау өлеңдер айтылып, қазақы ғұрыппен шашу шашылды.
– Өндірісті өңірге келгенімізге қуаныштымыз, – деді пойыз жетекшісі Әміржан Әлпейісов. – Біздің жолға шыққандағы мақсатымыз Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын ел ішінде насихаттау, елдік мақсаттарды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Пойыз құрамындағы 98 адамның бәрінің де ойлары бір – елдегі қабылданған реформалардың мән-жайын түсіндіріп, тұрғындарға жеткізу. Біздің топ құрамында мемлекеттік органдардың бас мамандары, әлеуметтік және медицина саласының қызметкерлері, банк кеңесшілері бар. Арамыздағы 30 дәрігер тұрғындарды қарап, оларға кеңес береді.
Бұдан кейін облыс орталығындағы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында пойыз қонақтарының қатысуымен дөңгелек үстел басында ұлтаралық келісім, елдегі тұрақтылық, өркендеу, тәуелсіздік талаптары аясында алқа-қотан әңгіме өрбіді. Ал дәрігерлер облыс орталығындағы №3 емханада қабылдау жүргізді. Әлеуметтік пойыздың келіп тоқтағанын естіп, бірінен соң бірі келіп жатқан қала тұрғындарымен кездесу кешкі сағат 7-ге дейін созылды. Ә.Әлпейісовтің айтуынша, пойыз құрамы Павлодарға келіп жеткенге дейін 7,5 мың адамды қабылдаған екен. Тұрғындардың көпшілігі дәрігерлерге көрінген. Назарға алынған өтініш-тілектер енді Астанаға барған соң министрліктердің қарауына жолданады.
– Пойыздың келуі, әрине, қарапайым тұрғындар үшін жақсы. Ең бастысы – халық риза. Әсіресе, дәрігерлерге қаралып, кеңестер алғандарына алғыс көп. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» деген атаумен келген әлеуметтік пойыздың әр адамның бойында елге, жерге деген құрмет сезімін тудырары анық, – деді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Сейсенбай Жетпісбаев
Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, құрамында 100-ге жуық мүшесі бар, 9 вагоннан тұратын пойыз өзінің сапары барысында мамандар құрамын ауыстырып, жаңартып отырады екен. Мақсат – ауылдықтардың, соғыс ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық және медициналық тұрғыда кеңес беру. Жеке кәсібін ашқысы келетіндерге де көмек көрсетіледі. Мәдени-спорттық шаралар, концерттік бағдарламалар ұсынылады.
Пойыз сапары әрі қарай өндірісті Екібастұзда кездесулермен жалғасты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.
• 27 Ақпан, 2016
«Мәңгілік Ел» пойызы – Павлодарда Астанадан 15 ақпанда ел Тәуелсіздігінің

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29