АСТАНА. 28 ақпан. Итальян жазушысы Умберто Эконың өзі дүниеден өткеннен кейін «Pape Satan Aleppe» атты кітабы жарық көрді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кітап «Тесейдің кемесі» деген баспадан шықты. Жазушы әрі философ Умберто Эко бұл мекеменің құрылуына үлкен үлесін қосқан. Алғашында кітаптың шығу мерзімі наурыз айына жоспарланғанымен, Умберто Эконың қазасынан кейін осы айдың соңына жоспарланды.
Умберто Эко осы жылдың 19 ақпан күні Милан қаласында 85 жасына қараған шағында қайтыс болды. Дәрігерлер шамамен екі жыл бұрын ұйқы безінің ісігіне шалдыққаны туралы диагноз қойған. Алайда, осыған қарамастан өмірінің соңына дейін тынбай қызмет етіп келді.
Умберто Эконың әйгілі ақын Дантенің шығармасымен аттас кітабына эсселері мен өзекті қоғамдық тақырыптар бойынша жасалған баяндамалары топтастырылған. Аталған баспаның бас директоры Элизабетта Згарбидің айтуынша, жазушы бұл кітабын толығымен өңдеп, баспаға беріп үлгерген.
Жазушының кітабы оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болды. «Тесейдің кемесі» 75 мың данасын шығарды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: РИА «Новости».

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Кеше
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Кеше