Енді Қазақстанда тоқылған кілемдер әлемдегі ең ірі сауда желілерінің бірі – IKEA арқылы сатылатын болады. Тіпті, сол үшін арнайы кілем үлгілері де дайындалды. Эксклюзивті ондай төсеніштер тек аталған желіде ғана саудаға шығарылмақ.
«KAZNEX INVEST» АҚ өкілі Әйгерім Жүсіпованың айтуынша, IKEA-ға отандық кілемдерді «Бал Текстиль» ЖШС жеткізіп тұрады. Ол кілемдердің дизайны, түгінің қалыңдығы мен ұзындығы әлемдік нарыққа арналып, ерекше дайындалған.
«Биыл да аталған серіктестіктің өнімдерін насихаттау жұмыстарын жалғастырамыз. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея, Латвия, Тәжікстан сынды елдерде Қазақстанда тоқылған кілемдердің таныстырылымдары өтеді», – дейді «KAZNEX INVEST» өкілі.
«Бал Текстиль» компаниясының коммерциялық директоры Қуан Ысқақовтың сөзіне қарағанда, кәсіпорын жылына бес миллион шаршы метр кілем тоқиды. Ал, жылдық сатылымның 30 пайызын Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдеріне жіберілетін экспорт құрайды. Биыл IKEA-ның Ресей нарығындағы өкілдігімен келісімшарт жасасқан серіктестік жыл соңына дейін экспорт көлемін 50-60 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр.
Айта кетейік, IKEA желісінің өкілдері былтыр өткен «Текстильлегпром-2015» көрмесінде Қазақстанда дайындалған кілемдерге ерекше назар аударып, қызығушылық танытқан.
Ернар МҰХАМБЕТ.

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше