АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 2-туры шеңберінде екі ойын ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана) 1:3
Голдар: Эдин Юнузович 15 – Джордже Деспотович 10, Александр Симчевич 43 (автогол), Марин Аничич 45
«Астана» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті. Елордалықтар алғашқы 45 минутта-ақ матчтың тағдырын шешіп қойды.
«Ордабасыға» қарсы өткізген кездесуде команда сапына жаңадан қосылған Джордже Деспотович бір гол соғып, есеп ашса, араға бірнеше минут салып, алаң иелерінен Эдин Юнузович таразы басын теңестірді. Алайда, алғашқы таймның бітуіне екі минут қалғанда, қорғаушы Александр Симчевич өз қақпасына гол соғып алды. Тағы екі минуттан кейін «Астана» ойыншылары алаң иелерінің қақпасына үшінші допты соқты. Голдың авторы – Марин Аничич .
«Шахтер» (Қарағанды) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:0
Екінші кездесу Теміртау қаласында өтті. Қарсыластар қанша шабуылдаса да бұл ойында есеп ашылмады. Нәтижесінде «Шахтер» биылғы маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Әзірге екі турдың қорытындысы бойынша көш басында 6 ұпаймен Павлодардың «Ертісі» келеді. Дәл сондай ұпайы бар «Астана» доп айырмасымен ғана аталған команданы алға жіберіп, екінші сатыға табан тіреді. Үздік үштікті 4 ұпайы бар «Тараз» түйіндеп тұр.
Айта кетейік, үшінші турдың кездесулері 2-3 сәуір күндері өтеді. Ол ойындарда мына командалар кездеседі:
2 сәуір
«Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент)
«Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау)
«Астана» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)
3 сәуір
«Ақжайық» (Орал) – «Қайрат» (Алматы)
«Тараз» (Тараз) – «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Тобыл» (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды)
Аян Әбдуәли.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.
• 20 Наурыз, 2016
«Астана» сырт алаңда «Ордабасы» командасын жеңді

Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04