Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің сайлауын байқауға қатысқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, сондай-ақ, ҰҚШҰ және Ресей Мемлекеттік Думасының байқаушыларымен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Әзербайжан Милли Меджлисі Төрағасының орынбасары Валех Алескеров бастаған ТМД байқаушылары дауыс беру қарсаңында сайлау комиссиялары мен барлық деңгейдегі билік органдары жүргізген елеулі жұмыстарды атап өтті. Сайлауға әзірлік және үгіт науқаны мен дауыс беру үдерістері ішкі саяси тыныштық жағдайында өткені ерекше атап өтілді.
В.Алескеров 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі-
нің депутаттарын кезектен тыс сайлауын реттейтін заңнаманың халықаралық сайлау стандарттарына сәйкестігі туралы қорытындыны, сондай-ақ, сарапшылар тобының Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлауына әзірлік және оның өтуі жөніндегі ұзақ мерзімді мониторинг есебін Қ.Тоқаевқа табыс етті. Бұл құжаттарды Демократияның, парламентаризмнің дамуын және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеу жөніндегі халықаралық институт әзірлеген болатын.
Кездесуге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан заң шығару органдарының депутаттары қатысты.
Қ.Тоқаев ТМД ПАА-ның өкілді делегациясына сайлауды байқауға қатысқаны үшін алғыс айтты. Төраға Мәжіліс болмаған кездегі Сенаттың заң шығару жұмыстары туралы әңгімеледі. «Бұл кезеңде жоғарғы палата қырыққа жуық заң қабылдады, сенаторлар заң жобаларына 1500-ден астам түзету енгізді. Заңдардың бұл топтамасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруда аса маңызды», – деді Қ.Тоқаев.
ҰҚШҰ ПА байқаушыларының құрамындағы Ресей Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен болған кездесуде де Қазақстандағы сайлау үдерістерінің жоғары деңгейі атап өтілді. Қазақстан мен Ресей арасындағы, сондай-ақ, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев ДондағыРостовтағы әуе ұшағының апатына байланысты ресейлік парламентшілерге көңіл айтты.
Сенат депутаттары Италия мен Германиядан келген халықаралық байқаушылар тобымен де кездесті.

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38