АЛМАТЫ. 25 наурыз. УЕФА чемпиондар лигасының ресми демеушісі «Газпром» компаниясы Германияның Мюнхен қаласында «Футбол достық үшін» атты халықаралық балаларға арналған әлеуметтік жобасының төртінші маусымы басталғандығын мәлімдеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жыл сайын жобаның географиялық ауқымы кеңеюде. Биылғы маусымға алғаш рет Африка және Оңтүстік Америка елдерінен жас футболшылар қосылды. Сондай-ақ, Азия елдерінен келген командалардың саны артуда. Өткен жылмен салыстырғанда жарысқа қатысушы мемлекеттердің тізімі 24-тен 32 дейін артты, ал жобаны іске асыра бастаған уақыттан бастап ол 4 есе көбейді.
Осы маусымда Австрия, Әзербайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Беларусь, Бельгия, Бразилия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, Сирия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Жапония елдерінің командалары жеңіске таласуда.
Сонымен маусым аясында бірнеше дәстүрлі іс-шаралар жүргізіледі: 25 сәуірде жобаның қатысушы елдерінде Халықаралық футбол және достық күні аталып өтіледі, 27 және 28 мамырда Миланда көше футболы бойынша халықаралық турнир мен «Достық үшін футбол» халықаралық балалар форумы ұйымдастырылады.
Форумның басты шарасы – жобаның құндылықтарына ең зор шынайы берілгендігі үшін әлемдік кәсіби футбол клубтарының біріне «Футбол достық үшін» жобасының арнайы сыйлығы – Тоғыз құндылықтың кубогін беру болып табылады. Форум аяқталғаннан кейін оның қатысушылары Миландағы Giuseppe Meazza (San Siro) футбол стадионында өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық ойынын көре алады.
«Достық үшін футбол» жобасы қатысушыларының және олардың өкілдік ететін елдерінің саны жыл сайын артып келеді. Бұл маусымды ғаламдық деп толық сеніммен атауға болады. Жобаға алғаш рет Батыс елдерінен келген футболшылар қатысады. «Футбол достық үшін» жобасы – түрлі мәдениетте тәрбиеленген жасөспірімдердің табысуы мен түсінісуі үшін үлкен мүмкіндік», – деді «Газпром» басқармасының төрағасы Алексей Миллер.
Маусымның ашылуына орай аталған жобаның ғаламдық елшісі Франц Беккенбауэр сөз сөйледі.
«Футбол достық үшін» жобасына менің және менің достарымның мүмкіндік алғандығына, әр түрлі елдерден келген замандастарыммен танысуға және шынымен маңызды мәселелер туралы сөйлесе алатындығыма мен бақыттымын. Мен өмірді өзгерте алатынымызға және оны жақсарта алатындығымызға сенемін», – деді Сириядан келген жобаның қатысушысы Махер Шамбо.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: «Газпром» компаниясының баспасөз қызметі.
• 25 Наурыз, 2016
«Газпром» ұйымдастырған турнирге 32 команда қатысады

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06