АСТАНА. 25 наурыз. Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Парламенттің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әбдіров Мәжіліс төрағалығына Бақтықожа Ізмұхамбетовті ұсынды. Талқылау барысында депутаттар ұсынылған кандидатты қолдап дауыс беруде бірауыздан мақұлдады.
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – 1948 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Теңіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы.
1971-1991 жылдары «Ембі мұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау конторында, «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында, Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда Кеңес мұнай барлау экспедициясында жұмыс істеді.
1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы лауазымын атқарды.
1992-1993 жылдары Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы болған.
1993 және 2003 жылдар аралығында – «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы біріккен кәсіпорны үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
2003 жылдың желтоқсанынан 2006 жыл аралығында – Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі. 2006-2007 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
2007-2012 жылдар аралығында – Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2012 жылы Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметін атқарған.
Талғат Райымбек.
Дерек: inform.kz.
Сурет: egemen.kz.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06