Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты
Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр.
Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының көбін зертханада өткізіп келеді. Қазір өнертапқыш ұланның жаңалығына қызығушылық танытып отырғандар жетерлік.
Кемелхан мұндай идеяға кездейсоқ кенеледі.
«Жаздыгүні әкем үйге қарбыз әкелген. Оның астына жууға ерініп, майлы ыдыс сала салғанмын. Кейін қарбыз желінгеннен кейін ыдыстағы майдың кетіп қалғанын байқадым. Осыдан кейін менде сұрақтар пайда болды. Бұл қалай болды және бұған қарбыз суының қандай қатысы бар?» – дейді ол.
Кемелханның айтуынша, қарбыз суының тағы бір артықшылығы, ол өсімдік майын ыдыратып қана қоймай, оны суда еритін затқа да айналдырып жібереді. Зерделі оқушы сұйықтық химиялық ыдыс жуғыштарға қарағанда әлдеқайда тиімді екенін дәлелдеген.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20