Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қалаға қарасты «Заречный» елді мекенінде орналасқан «Айналайын!» жекеменшік балабақшасы пайдалануға берілді. Бұл балабақшаның құрылысын қаржыландырған кәсіпкер Нұржан Қуатов салған. 50 орындық мектепке дейінгі балалар мекемесінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы ата-аналарды қуанышты сәттерімен құттықтап, оның Наурыз мерекесі қарсаңында ашылуын жақсылық жоралғысы ретінде бағалайтынын жеткізді.
Ол, сондай-ақ, кәсіпкерлердің қаржыларын халыққа қажетті шаруаға жұмсап, игілікті іс тындыруы жөн екенін алға тартты. Халықтың алғысына бөленіп, батасын алудан артық бақыт жоқтығын атап өтті.
Мұнда бүлдіршіндерді тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған. Балабақша аумағы абаттандырылған, қазірдің өзінде сексен түп көшет отырғызылған. Оның өзінің дербес қазандығы мен кір жуатын орны, балалардың ойын алаңы бар. Ғимараттың аумағы мен топ бөлмелерінде онлайнға қосылған бейнебақылау орнатылған.
Бағдарламада мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін тереңдете оқыту, хореографиямен айналысу қарастырылған. Басты назар «Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт» бағдарламасына аударылған және ата-аналардың қатысуымен спорттық шаралар өткізілетін болады. Балабақшада 12 адам жұмыс істейді.
Сол күні «Оңтүстік-Батыс» тұрғын үй кешенінде орналасқан 75 орындық «Kinder JOY» жекеменшік балабақшасы да салтанатты жағдайда ашылды. Мектепке дейінгі балалар мекемесі осы заманға сай технологиялық және ойын құралдарымен жабдықталған. Балалармен жүргізілетін тәрбиелік оқу жұмыстары «Зерек» және «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады. Балабақша басшылығы алдағы уақытта М.Монтессори технологиясы негізінде баланың интеллектуалды-шығармашылық қабілетін дамытуға арналған және инновациялық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
Жалпы, облыс орталығында халқымыздың ұлық мерекесі Наурыздың қарсаңында 670 орынға арналған 10 балабақша ашылды. Осы аталған мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 150 адам еңбеккке орналасты.
Мереке күндері осыншама бала мен олардың ата-аналары қуанышқа бөленді. Бұған дейін мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істейтін балабақшалар саны 33 болса, енді олардың қатары 43-ке жетті. Бұл бағыт алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55