АСТАНА. 26 наурыз. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин алдымен облыстық мәслихат депутаттарының талқысына аймақтың жаңа басшысының кандидатурасын ұсынды. Халық қалаулылары Алтай Көлгіновті қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Осыдан кейін жаңа әкім облыс активіне таныстырылды.
Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы туған. Қ. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, Шотландияның Абердин университетін бітірген.
Алтай Көлгінов 2000 жылы әскер қатарынан оралған. 2001-2008 жылдары Әділет министрлігінде, мемлекеттік қызмет жөнінде агенттік пен Бас прокуратурада әртүрлі қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары «Алаш Медиа Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-территориялық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы болған. 2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың сәуіріне дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеді. Ал 2013 жылдың сәуір айынан бері Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарып келген.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Фото: oraloniri.kz.

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55