30 Наурыз, 2016

Паралимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері пәтер алады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.03.2016 AST-2 АСТАНА. 30 наурыз. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде XV жазғы Паралимпия ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының дайындығына арналған жедел штабтың отырысы өтті. Осы жиында министрліктің Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов Паралимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне пәтер берілетінін айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Заңнамаға сәйкес, Паралимпиадада чемпион немесе жүлдегер атанған спортшыларға баспана беру мен ай сайынғы материалдық қолдау нормалары қарастырылған. Осы кезге дейін баспана мен ақшалай сыйақыны тек Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері ғана алған еді. Енді жаңа заң бойынша паралимпиадашылар да тиісті пәтер мен сыйақыларын алатын болады. Бұл өте дұрыс шешім.», деді Елсияр Қанағатов. Оның айтуынша, Паралимпиада чемпионы 50 000 АҚШ долларын, күміс жүлдегер 35 000 доллар, қола жүлдегер 25 000 доллар  алса, төртінші орынға 14 000, бесінші орынға 6 000, алтыншы орын алған спортшыға 4 000 АҚШ доллары беріледі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 30.03.2016 AST-3 30.03.2016 AST-4