07 Сәуір, 2016

«Батыр арулар» байқауы

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Оған дауыс беру басталды Қазақстандықтардың ел Қарулы Күштерінде қызмет етіп жүрген әскери кәсіп ие­лерінің 12 үздік өкілін өздері таңдауына жақсы бір мүмкіндік туып отыр. Жақында «Батыр арулар» байқауының қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды. 4-35 8-8.jpg- 9-3Дауыс беру Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. ресми сайтында өткізілуде. Оның қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күш­тері әскери кәсіп иелерінің 12 үздік өкілі анық­талады. Байқау Қазақстандағы қыз-келіншек­тердің әскери қызметін жария ету үшін Қор­ғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылып отыр. 2016 жылы «Батыр арулар» байқауына 200-ден аса өтінім қабылданды. Оның ішінде байқаудың техникалық талаптарына сәйкес келген 80 сауалдама іріктелді. «Батыр арулар» байқауы – бұл қоғам үшін жақсы резонанс туғызған әйел әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш республикалық байқау. Әскери қызмет – мен үшін мәртебе және мақтаныш сезімі, біз ерлермен бірге иық теңестіре отырып, өмірімізді Отанға қызмет етуге арнадық. Мен бұл байқаудың ұйымдастырылып, өткізілуіне мұрындық болған Қорғаныс министрлігінің басшылығына шексіз алғысымды білдіремін», – деді «Батыр арулар-2015» байқауының жеңім­пазы аға лейтенант Әлия Хайрулина. Байқау қатысушыларына жүктелген тапсырмаларды сәтті орындай алатынын, сондай-ақ, далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен сабақтарды өткізе алатынын дәлелдеуге тура келеді. «Аталған байқау мен үшін маңызды болды. Бұл – басқа байқаулардан ерекшеленетін әскери қызметшілер арасындағы бірден-бір конкурс. Осынау байқауда мен тәжірибе жинақтап, дене даярлығымның қандай деңгейде екенін аңғардым. Мен барлық конкурсанттарға сәттілік және жеңіс тілеймін», – деді «Батыр арулар-2015» байқауының жеңімпазы сержант Ботагөз Мұсаева. Байқаудың негізгі міндеті Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметінің оң имиджін қалып­тастыру, әскери кәсіптің беделін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік. Тұңғыш байқаудың қатысушылары әртүрлі кедергілерді еңсерді, қарумен уақытқа толық жауынгерлік амуницияда жүзді, дене даярлығын көрсетті, далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен жаттығуларды орындады. Жеңімпаздар «аман қалу курсы бойынша» қарқынды жауынгерлік даяр­лықтан өтті, танктің астынан жербауырлап жылжып, парашюттен секірді және оқ атты. Әскери қызметшілер ұдайы әзірлікте екенін және оларға жүктелген тапсырмаларды сәтті орындайтынын дәлелдеді. «Егемен-ақпарат».