07 Сәуір, 2016

Шымкентте 3 млн астам ағаш көшеттері отырығызылуда

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2016 OQO ШЫМКЕНТ. 7 сәуір. Шымкенттің 2475 гектар болатын жасыл белдеуіне 3 млн. 281 мың ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жасыл желектерді егу мен күтім жасау жұмысын жүргізетін «Жасыл аймақ» коммуналдық мекемесі 2248 га жерге -– 2 810 000 дана қарағаш, 125 га жерге – 416 600 дана терек, 52 га жерге – 21 700 емен көшеттерін екті. Сонымен қатар мұнда 50 га жерге 33 мыңнан астам алма, алша, шабдалы, алмұрт сынды бірқатар жеміс көшеттері де отырғызылды. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілді.Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га құрайтын «Ақтас», аумағы 300-ге жуық гектар болатын «Бөржар» мен 100 гектарлық «Қайнарбұлақ» учаскелері. Осыған дейін қаладағы 2564 га жерге ағаш көшеттері егіліп, нәтижесінде, жасыл аймақтың аумағы 5 мың гектарғажетті. Отырғызылған көшеттердің барлығы дерлік жергілікті тәлімбақтардан алынып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта көшеттерді өзімізде өсіру үшін арнайы 20 гектар жерге тұқымбақ салынбақ. Онда қылқан жапырақты ағаш түрлері мен ақ қайың өсіру және басқада ағаш көшеттерін өсіру қолға алынады деп жоспарлануда. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz