Тағдырдың жазуымен Қазақстанда туып, осы елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жатқан азаматтар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап, әдет-ғұрпын дәріптеп, тілін меңгеріп, қазақ емес, бірақ, қазақтан былай емес өзге ұлт өкілдері көпшілік. Ұлттар ынтымағы мен бірлігін берік ұстанған көпұлтты еліміздің өзгеден басты ерекшелігі де осы болса керек.
Қызылорда облысында бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі этностар өздерінің төл мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін сақтап отыр. Осындай бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан отбасылардың бірі деп Арал ауданы Жақсықылыш кентіндегі орыс ұлтының өкілі Курбатовтарды айтуға болады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Евгений Курбатов осы отбасында 1978 жылдың 20 тамызында дүниеге келген. Оның достары ауылдың қарадомалақ балалары еді. Осы қарадомалақ ауыл балаларымен бірге асық ойнап, ләңгі теуіп, құмға аунап өскен Е.Курбатовтың тілі қазақша шықты.
1985 жылы Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектептің алғаш табалдырығын аттаған балақай білім ордасын қазақ тілінде аяқтады. Ал ең алғаш еңбек жолын «Аралтұз» АҚ-та жұмысшы болып бастаған ол 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің денешынықтыру және спорт факультетіне түсіп, оны 2008 жылы бітірді.
Қазақы ауылда, көп қазақ ортасында өскен, қазақы тәлім-тәрбие алған Е.Курбатов өмірлік жарын да қазақ қызынан таңдады. Өмірдегі қол ұстасқан жары Гүлмира Сәрсенбаева екеуі – екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ауылдағы үлгілі отбасылардың бірі. Анасы Татьяна Дмитриевна – 40 жыл оқушыларға орыс тілінен дәріс берген қарт ұстаз. Қазір құрметті зейнеткер, немерелерінің сүйікті әжесі.
Е.Курбатов 2004 жылдан бастап Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімшесіне жаттықтырушы болып жұмысқа қабылданды. Ал 2008 жылы Сексеуіл кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына байланысты сол мектепте волейбол бөлімшесіне жаттықтырушы болып ауысты. Ол 2005-2009 жылдары Қызылорда облысының волейбол ерлер құрама командасының мүшесі, ал 2010 жылдан бері Арал аудандық волейбол ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болып еңбек етіп келеді.
Осы кезеңде жеткен жетістіктері де жетерлік. Атап айтар болсақ, «Үздік төрешілігі» үшін диплом алса, волейболдан ерлер арасында өткен облыс біріншілігінің «Үздік қорғаушысы» аталымымен, Қызылорда облысы волейбол федерациясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған федерация кубогының «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталған.
Қызылорда облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының, Арал аудандық туризм және спорт бөлімінің «Мақтау қағазымен» бірнеше мәрте марапатталған. Ал жары Гүлмира да Евгениймен бірге саламатты өмір салтын қалыптастыруда. Гүлмира 2010 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін бітірді. №20 Арал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейбол бөлімшесінің (қыз балалар) жаттықтырушысы болып жұмыс жасайды. Арал ауданының волейбол әйелдер құрамасының көшбасшысы. 2006 жылдан бастап Қызылорда облысының волейбол әйелдер құрамасының мүшесі. Бір отбасының ұйытқысы бола білген аяулы ана, сүйікті жар.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы,
Арал ауданы
Суретте: ортада тұрған Е.Курбатов

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 21:50
«Әр адамның мәселесі маңызды»: Ерлан Қошанов тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Қоғам • Бүгін, 21:23
Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қоғам • Бүгін, 20:45
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 20:02
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Бүгін, 19:54
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 19:37
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
Қоғам • Бүгін, 19:25
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
Президент • Бүгін, 18:08
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Бүгін, 18:06
Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет
Президент • Бүгін, 17:50
Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды
Президент • Бүгін, 17:39
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Бүгін, 17:34
Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен
Еңбек • Бүгін, 17:33
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Президент • Бүгін, 17:27
Сталкинг дауы: Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 17:20