Арқалық – Шұбаркөл бағытында жаңа пойыз өзінің алғашқы сапарын бастады. Ол күніне 4 рет Шұбаркөл стансасымен аралықта қатынайтын болады.
Пойыз қаладан таңғы сағат 07.00-де шығып, 11.17-де діттеген бекетіне жетеді. Ал Шұбаркөлден Арқалыққа 13.30-да бет алып, қалаға сағат 17.48-де келеді. Көлік жол бойы төрт стансаға аялдайды. Арқалықтан Жалғызтал стансасына дейін билеттің бағасы – 149 теңге, Терісаққанға 242 теңге болса, Майбұлаққа – 429 теңге, Нұрдалаға – 605 теңге, Железнодорожный разъезіне – 677 теңге, Шұбаркөлге дейін – 781 теңге. Пойыз Жалғызталға сағат 07.35-те, Терісаққанға 08.12-де, Майбұлаққа сағат 09.12 минут кеткенде барады. Сол сияқты, Нұрдалаға 10.06-да, Железнодорожный разъезіне 10.41-де, Шұбаркөлге сағат 11.17 минут өткенде жетеді. Жолаушылар пойызы стансаларда 5 минут аялдайды.
Арқалық пен Шұбаркөлдің арасы – 214 шақырым. Осы аралықта пойыз 4,5 сағат жүреді.
Бұл теміржолдың тұсауын Елбасы Н. Назарбаев 2014 жылы Жезқазғанда телекөпір барысында кескен болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы жаңа салына бастаған Жезқазған – Бейнеу мен Арқалық – Шұбаркөл теміржолдары тек осы өңірдің ғана емес, барша еліміздің экономикасының дамуына ықпал ететінін айтқан.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Футбол • Бүгін, 21:49
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Заң • Бүгін, 21:40
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Бүгін, 21:12
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23