Ұрлықты жетіспеушіліктен жасайды дейтінбіз. Сөйтсек, қолға ілінгеннің бәрін үптемей, тек асыл тастарды алумен айналысатындар, яғни таңдап тонайтындар да бар екен.
Маңғыстау облысында тек алтын бұйымдарды ұрлаумен айналысқан ұрылар ұсталды. Оларды бәзбіреулер «кезбе ұрылар» деп атап үлгерді. Себебі, Маңғыстауға Қызылорда облысы өңірінен келген ұрылар ел-жерді кезіп жүріп, «кәсіп жасайтын» болып шықты. Олар Маңғыстауда Форт-Шевченко, Жаңаөзен, Жетібай, Құрық, Шетпе кенттерінен 27 үйдің мүлкін қолды еткен. Алдымен, ауыл-ауылды аралап, ауқатты, дәулетті деген үйлердің есігін қағып көреді екен. Үйде адам жоқ екендігіне көз жеткізген соң, терезеден кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кете беретін болған. Көбіне жеке үйлерді тонаумен айналысып келген үш баукеспе «олжаларын» Ақтау қаласындағы орталық базарда өткізіп келген. Алайда, әлі өткізіп үлгермегендерін полиция тәркіледі. Баукеспелер жарты айдың ішінде 15 миллион теңгенің дүниесін қолды еткен. Оларды тінту барысында 2 миллион теңге мен біршама Канада доллары табылды. Әуелде, құтылғандарымен, артынан тұтылды. Қазір ұрылар тергеу абақтысында.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10
Дубайға жол ашылды: Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толығымен ашты
Әлем • Бүгін, 10:35
Теңіздегі тексеріс: 27 шетелдік Қазақстаннан шығарылды
Оқиға • Бүгін, 10:20
Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдірудің басым бағыттарын түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 10:07