21 сәуір күнгі «Егеменде» «Кеңесіп пішпеген тон келте болар...» деген сын мақала жарияланды. Онда: «Облыс орталығының көшелерінен жаңадан пайдалануға берілді деген 36 автобус бағыттардан алынып тасталды. Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығындағы №1 автобус паркі ЖШС жекешелендірілді. 2015 жылы жаз айларында «Павлодар қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы кешенін жаңғырту» мақсатында Алматы көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының мамандары келіп, жобаны қолға алады.
Алматылық ғалымдардың толық, дұрыс зерттеу жүргізбегеніне, олардың жасаған негізсіз оңтайландыру жүйесіне қазір халық наразы. Әкімдердің тапсырыстарын орындап, оларды тыңдап асығыс жұмыс жүргізді. Қоғамдық көліктермен қарапайым халық жүретіндіктен оңтайландыру мәселесі бірінші, қала тұрғындарымен талқыланған жоқ. Маршруттық жүйені оңтайландыру шараларын жүргізіп, жобасын жасағандары үшін алматылық ғалымдарға 50-60 миллиондай қаражат жұмсалған көрінеді. Ғалымдар келіп, алдымен қала тұрғындарымен ақылдасып барып, қоғамдық тыңдаулар жүргізілуі қажет болатын. Павлодар Алматы сияқты үлкен мегаполис емес. Автобустармен, шағын автобустармен ғана жүретін қала тұрғындары қазір әрі-сәрі күйде. Халық әбден үйреніп қалған, жолаушыларды тасымалдайтын шағын автобустардың бағыттары өзгерді. Күн аязда аялдама маңында жаңа автобустарды сағаттап күтуге мәжбүр болды. Алматылық көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының мамандары әкімдер берген шұғыл тапсырманы шала-шарпы орындағандарының кесірі тұрғындарға тиді», деп жаздық.
Жазылған жайға оралсақ, облыстық әкімдік облыс орталығындағы №1 автобус паркі 1 млрд. 179 миллион теңгеге сатылды, яғни жекешелендірілді деп хабарлаған еді. Енді автобус паркі мемлекеттің меншігіне кері қайтарылады. Қазір қалалықтар автопарктің қайта оралатынына, бұрынғы бағыттардың қалпына келетініне қуанышты. Парктің жаңа қожайынына – «Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС-ға негізгі талап – құрылғанына 50 жылдан аса уақыт болған байырғы кәсіпорынның басты бағытын сақтап қалу тапсырылған-ды. Жаңа автобустар сатып алу керек болды. Екі арада қарапайым халық зиян шекті.
Алайда, автопаркті сатып алған қожайын қиын жағдайға тап болды, деді облыс әкімі Болат Бақауов журналистермен болған брифинг барысында. Сөйтсек, облыс әкімінің айтуынша, әлгі қожайын банктерден несие ала алмапты. Келісімшарт осылай бұзылған көрінеді.
– Өзгерістер жолаушыларды әбігерге түсірді. Жергілікті тұрғындар қолайсыздық үшін қала әкімдігіне шағымдана бастады. Осы себепті бүгінде қала әкімдігіне паркті мемлекеттің меншігіне қайтару туралы өтініштер түсуде. Келісімшарт бұзылған соң, паркке жаңа басшы тағайындалып, кәсіпорын мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын бастайды, – дейді Болат Бақауов.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
• 27 Сәуір, 2016
Жекешелендірілген №1 автопарк қалалық әкімдікке қайтарылады

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше