ҚАРАҒАНДЫ. 27 сәуір. Қарағанды облысы елімізде қылмыс саны бойынша бесінші орында тұр. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарағанды облысында осы жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында 8143 қылмыс тіркелген. Мұның басым бөлігі, яғни 4921-і орта ауырлықтағы қылмыс түрлеріне жатады. Ал ауыр қылмыс түрлерінің саны – 734. Аса ауыр қылмыс 74 рет жасалыпты. Қалған 1199-ы жеңіл-желпі қылмыс түрлеріне жатады.
«Өңірдегі қылмыстық ахуал тұрақты. Бұл мәселеде былтырдан бастап полицияның арыз-шағымды тіркеудің жаңа форматына көшкенін айта кету керек. Қазір олардың барлығы бірыңғай реестрге тіркеледі. Бұл қылмысты жасырып қалу фактісін жоққа шығарады», – деді құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі департаменттің бөлім басшысы Мейіржан Омаров.
Айта кетейік, қылмыс саны жағынан Қарағанды облысының алдында Алматы (19026 қылмыс), Астана (11582 қылмыс) қалалары, Оңтүстік Қазақстан (11050 қылмыс) және Алматы облыстары (8436 қылмыс) тұр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: kaz.tengrinews.kz.
• 27 Сәуір, 2016
Қарағанды облысында жыл басынан бері 8143 қылмыс тіркелді

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше