Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлығын арттыруға үлгеріп қана қоймай, сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж адамдардың барлығына арнап қайырымдылық іс-шараларын өткізуде.
Астана қаласының Қарттар үйінде Отан қорғаушы күні қарсаңында 68665 әскери бөлімінің 70-тен аса әскери қызметшісі ардагерлер мен қарияларға көмек көрсетті. Осы бөлімнің офицерлері мен сержанттары әжейлер мен аталарға ұдайы барып, хал-жағдайларын сұрастырып тұрады. Оларға шаруашылық бойынша қолғабыс етеді, бау-бақшаның жерін қазып береді, аумақтарын тазалайды, күркелер мен орындықтарды жөндейді.
«Ардагерлерге қолұшын соза алатынымызға қуаныштымыз. Мінеки, біз екінші жыл қатарынан келіп, көмек көрсетіп жатырмыз. Олармен әңгіме-дүкен құрамыз, концерттер өткіземіз, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Мұның барлығы бізге патриотизм сабақтарын, дәстүр сабақтастығын береді. Қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанында болу біз үшін үлкен құрмет», – деді 68665 әскери бөлімінің взвод командирі, аға лейтенант Диас Ахметов.
«Жас жігіттер бізге үнемі келіп тұрады және шаруашылық жұмыстарға көмектеседі, қызмет туралы хикаяларымен бөліседі. Ерлік сабақтары мен концерттер өткізеді. Бозбалалардың Отанға адал қызмет етіп, бізді ұмытпайтындары қуантады», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Линник.
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қайырымдылық іс-шараларын ұдайы өткізіп тұратынын айта кетейік. Балалар үйі мен қарттар үйін, ҰОС ардагерлерін қамқорлыққа алады. Жан жылуы мен қамқорлыққа зәру жандарға көмектеседі.
«Егемен-ақпарат»

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10