ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанайда белгілі кәсіпкер, «ДЕП» сүт зауытының директоры Евгений Петрович Дружинин 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Евгений Дружинин Қостанай өңірінде тамақ өнеркәсібінің, жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өніркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан кәсіпкер болатын. Ол «ДЕП» сүт зауытының негізін қалағаннан бастап, оны өмірінің соңына дейін басқарды. Аталған сүт зауытының сапалы өнімін тек Қостанай өңірі ғана емес, Қазақстанның көптеген облыстары пайдаланады, оның өкілдіктері бірнеше облыстарда бар. Зауыт өнімін Ресейге де экспорттайды. Көптеген көрмелерге қатысып, жүлделі оралып жүрді.
Евгений Петрович «Дастарханда қоспасы жоқ тек табиғи өнім, азық болуы тиіс» деген ұстанымда болатын. Шебер ұйымдастырушы соңғы жылдары Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінен көпке сақталатын нан өндіретін заманауи зауыт құрылысын да бастап еді. Амал не, істі аяқтауға оның өмірі жетпеді.
Кәсіпкер «Мен аса түсінбесем де, еліміздің қазақ тілді басылымдарына құрметпен қараймын» дейтін. «Егемен Қазақстан» газетіне де осы сөзді арнап еді.
Марқұм өзінің туған жері Рудный қаласында жерленеді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47