Адам баласы жаратылғалы бері соғыстан көз ашпай келеді десек, күнәһар бола қоймаспыз. Күнәһар – сол соғысқа түрткі болғандар. Ал қасіреттің алдын алу – парасаттылардың, бейбітшілікті асқақтата білетін тұлғалардың еншісіне тиеді десек қателеспеспіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясындағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғанындай, «Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған». Осылайша, бейбіт кезеңнен гөрі адамзаттың соғыс жағдайына алаңдаулы кезі көп.
Қазақтың Аяз биі әлемге өнеге боларлық тұлға ғой, шекпеніне қарап тәубесіне түсіп, халқының ынтымағы мен берекесіне бас қатыратын. Ал Батысыңда шекпен түгілі өткен кезеңнің қасіретті ескерткіштері де кейбіреулерге ой сала бермейтін сияқты. Әйтпесе, Берлиннің қақ ортасындағы Кайзер Вильгелм шіркеуі (биіктігі 113 метр болатын) соғыстың азалы әуенінің айқын көрінісі емес пе?! 1943 жылы 23 қарашадағы түнгі бомбалау кезінде шіркеу түгелдей қирап, ең басты және бүйірдегі бір мұнарасы ғана зақымданбаған. Кейін шіркеу біртіндеп бүліне бастаған. Сосын оның ұшар бөлігін алып тастап, қалған бөлігі бекітіліп, шегенделді. Бәрібір қираған шіркеуден соғыстың табы сонадайдан көзге ұрып тұр.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен АҚШ өзінің айбарын таныту мақсатында 1945 жылдың 6 тамызында Хиросимаға атом бомбасын тастаған сәті адамзат тарихындағы қасіретті күнге айналды. Сол қасіреттің нышанындай Хиросимада «Атом бомбасының үйі», «Атом күмбезі» атты ғимарат (соғысқа дейін Хиросиманың Сауда-өнеркәсіп палатасының көрме орталығы) әлі тұр. Әу басында «Атом күмбезіне» қатысты қала тұрғындарының көпшілігі бомбалаудың жан шошытарлық сәтін еске түсіретін болғандықтан, оны мүлдем сүріп тастау жөнінде ұйғарым жасаған еді. Алайда, ең ақырында қалалық жиын «Атом күмбезін» біржола қалдыруға шешім қабылдады. Күмбез әрі қарай қираудан сақтау үшін бекітіліп, атом жарылысына байланысты ең танымал экспонатқа айналды. 1996 жылы қытайлық және америкалық биліктің қарсылығына қарамастан, күмбез ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. «Атом күмбезі» – адамзат зұлымдығының тағы бір қаралы қолтаңбасы?!
Осыдан ширек ғасыр бұрын «дүниеден өткен» КСРО да күнәһарлықтан кенде емес. Ауғанстан жерінде қанды қолтаңбасын қалдырды. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО МХК мен Кеңес армиясының арнайы құрылымдары Ауғанстан басшысының резиденциясына – Кабулдағы Әмин сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, соның салдарынан зәулім сарайдың быт-шыты шығып, қабырғалар шұрқ-шұрқ тесіліп, он жылға созылатын соғыстың алғашқы соққысын сол қабылдады.
Шексіз билік, өктемдікке ұмтылудың ақыры қайырлы болмайтыны әлімсақтан мәлім. Әйтсе де, адамның кеудемсоқтыққа ұрынған пейіл-ниеті өзгермек емес, тұтас әлем айтқанына көніп, айдауына жүрсе деп тұрады. Дегеніне жету үшін сойыл-шоқпар мен жебеден басталған қарудың аяғы ядролық қаруға ұласты бүгінде. Соғыс атаулының түбі қасірет екендігін біле тұрса да, менменсіген мемлекеттер райынан қайтып, мәмілеге келер түрі жоқ. «ХХІ ғасырда адамзатқа өзін-өзі демилитаризациялау жағына қарай шешімді қадам жасау қажет. Бізде мұндай басқа мүмкіндік болмайды. Бұлай жасалмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың орасан зор тіршіліксіз үйіндісіне айналады», деп Елбасының сақтандыруы да сондықтан.
Әлемдегі жетекші державалардың желікпелігі, бір-біріне қырғи-қабақ қатынасы қауіп-қатердің ауылын жақындатып тұр. Ал бізге де жаһан жұртшылығының амандығы, ынтымағы керек. Мемлекет басшысының манифесінен осындай ой түйдік. Төрткіл дүниеде тыныштық болса, Қазақ елінде де бейбітшілік болады.
«Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесім ХХІ ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеу керек болатын өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр», деген еді Қазақстан Президенті. Ендеше, елдің ертеңгі ұрпағы алаңсыз өмір сүруі үшін бүгінгі саясаткерлер кешегі тарихта қалған қасіретті ескерткіштерге Аяз бидің көзімен қарауы керек-ақ.
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ (сурет),
«Егемен Қазақстан»

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47