Ауыл шаруашылығы саласына дем беру үшін ауыл тұрғындарына мемлекеттік теңдессіз қолдау шаралары қолға алынуда.
Мысалы, жерді жалға алған Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді жеңілдетілген бағамен он жылға дейін бөліп төлеу құқығымен жекеменшікке сатып ала алады.
Біздегі меншік иелері мен жерді пайдаланушылар ауыл шаруашылығы нысандары мен оған қажетті инфрақұрылымдарды салу құқығын пайдалана алады.
Бұрын ауыл халқының ондай мүмкіндіктері болмаған.
Жер біздің азаматтарымыздың сүбелі экономикалық активіне айналады және бұл ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру бұл саланың дамуына аса қуатты серпін береді.
Заңның жаңа нормалары агроөнеркәсіп саласының, фермерлердің, шаруа қожалықтары жұмысшыларының қатысуымен талқыланған және ол ауыл мүддесін қорғаудан туындаған.
Жер шетелдіктерге САТЫЛҒАН ЕМЕС, САТЫЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ, САТЫЛМАЙДЫ ДА. Шетелдіктер жер телімдерін тек қана шектеулі мерзімге жалға ала алады.
Сонымен бірге, Үкімет шетелдіктерге уақытша жалға берілуі мүмкін жер телімдерінің ауқымына шектеу қояды.
Жерді тиімсіз пайдалану фактісі анықталған жағдайда оны мәжбүрлеп қайтарып алуға дейін баратын қатаң әкімшілік шаралар қолданылатын болады.
Тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының ғана ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге жекеменшік құқығы бар.
Өз жерімізге иелік ету құқығы тек қана Қазақстан халқына тиесілі. Бұл – мызғымайтын қағидат және біздің мемлекетіміздің нақты ұстанымы.
• 29 Сәуір, 2016
Академик Ғарифолла Есім: Жер шетелдіктерге сатылмайды, сатылуға тиісті емес

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше