Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Парламент Сенаты депутаттарына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына Ж.Асановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Н.Нығматулин 25 сәуірде А.Дауылбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының жарлығымен Бас прокурор лауазымынан босатылғанын, соған орай Қазақстан Президенті ел Конституциясына сәйкес ведомствоның жаңа басшысының кандидатурасын келісу үшін Парламент Сенатына ұсынатынын атап өтті.
Осыған байланысты Президент Әкімшілігінің Басшысы Мемлекет басшысының ұсынымын оқып, Ж.Асановтың жұмыс тәжірибесі мол екенін, прокуратура органдарының барлық деңгейіндегі лауазымдарында болғанын, Президент Әкімшілігінде және Әділет министрлігінде қызмет атқарғанын атап өтті. Мәжілістегі заң шығару жұмысынан тәжірибесі бар екенін және соңғы үш жарым жылда Бас прокурордың орынбасары болғанын айтты.
Ж.Асановтың кандидатурасы Сенат депутаттарының басым көпшілігінің дауысымен бекітілді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше