Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев электр энергетикасы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар легін баян етті.
Бұл ретте ол 5 институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары барысында электр энергиясы саласына бірқатар міндеттердің жүктелгенін және оның қалай атқарылып жатқандығына тоқталды. Электр энергиясы бағытындағы маңызға ие болып отырған энергиямен жабдықтау, оның сенімділігін қамтамасыз ету, жаңа технологияларды қолдану мен энергия тиімділігін дамыту жолында сара саясатты қолға алу мәселелерін атап өтті. Нақтылай айтар болсақ, Ұлт Жоспарындағы бұл салаға басымдық берілген 50, 51 және 52-қадамдар бойынша жеке-жеке айтып өткен спикер, компания еліміздегі «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға сай баламалы энергия көздерінің үлесін арттыру мақсатын көздейтінін көлденең тартты. Бұл ретте компания тарапынан бірқатар жобалар жүзеге асты.
Аталған жобалар қатарында 300 МВт-ға дейін қуатын арттыру көзделген Ерейментау ЖЭС бар. Ол пайдалануға енгізілген сәттен бастап ағымдағы жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша таза электр энергиясын өндіру көлемі 140 млн. кВт/сағатқа жеткен. Жыл сайын ЖЭС 45 110 мың тонна көмір жағудың алдын алады, ол парниктік газдардың шығарылуын төмендетеді. Станса өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме нысандары инфрақұрылымының мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ үстіміздегі жылы Ресей мен Қырғызстанның электр энергиясы көтерме нарығының ірі субъектілерімен келісімдерге қол қойды. Таяу шетелдерге электр энергиясын экспорттау өндірістің, қызметтің және табыстың қосымша көлемдерін қамтамасыз етеді. Биыл Ресейге электр қуатын экспорттаудың күтілетін көлемі 1,8 млрд. кВт/сағ. болып отыр. Қазіргі жағдайда есептесек, экспорттың көлемі 445,3 млн. кВт/сағ-ты құрайды. Ал Қырғызстанмен жасалған шартқа сәйкес, биылғы жылы жеткізілетін электр энергиясының көлемі 218 млн. кВт/сағ. құрайтын болады. Бүгінге дейін экспорттың нақты көлемі 57,6 млн. кВт/сағ. құрады.
Сондай-ақ, трансформация тұрғысында сөз өрбіткен спикер трансформацияның «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиясын іске асырудың негізгі элементі екендігін атап өтті. Трансформация – компанияның стратегиялық мақсаттарына жету мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға апаратын жол. «Самұрық-Энерго» АҚ-ты трансформациялау бағдарламасының негізгі міндеті – акционер үшін компанияның табыстылығын ұлғайту мақсатында холдингті басқарудың, функцияларды орталықтандырудың, автоматтандырудың және озық әлемдік тәжірибені ендірудің операциялық моделіне көшуге қолдау жасау болып табылады. Трансформациялау аясында Самұрық-Энерго жаңа ұйымдық құрылымға көшуді қамтамасыз еткен.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43