
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Әуелі ой туады. Сосын сөз шығады. Жазылады. Жолданады. Оқылады. Бағаланады. Тексеріледі. Түзетіледі. Теріледі. Тазартылады. Оқылады. Тағы түзетіледі. Тағы оқылады. Қол қойылады. Бір мақала дайын болды. Бір бетке осындай қанша мақала керек! Бір нөмірге осындай қанша бет керек! Нөмір жоспарланады. Беттер макеттеледі. Мақалалар бетке түседі. Корректор оқиды. Кезекші редактор оқиды. Басшылық оқиды. Тағы түзетіледі. Қысқартылады. Толықтырылады. Безендіріледі. Қол қойылады. Баспаханаға жіберіледі. Реттеледі. Беттеледі. Басылады. Тасылады. Поштаға барады. Үйді-үйге жеткізіледі. Газет оқырманның қолына тиеді. Газеттің бір нөмірі!Ертеңіне бәрі басынан қайта басталады…».
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Ғасырлық тарихы бар «Egemen Qazaqstan» газеті халықтың көкейінде жүрген қаншама мәселені қаузап, оң шешімінің табылуына септесті. Бес жыл бұрын бас газетте «Елу жыл бұрынғы ескі паром елді қашанғы әуреге түсіреді?» атты мақала жарық көріп, Президент назарына ілінген. Мемлекет басшысы дереу әлеуметтік желі арқылы үкіметке көпір салу жөнінде тапсырма беріп, өз қадағалауына алған.
Пікір • 13 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік деген – тәтті сөз, тәтті ұғым. Оның қадіріне жету – әрбіріміз үшін киелі борыш. Тәуелсіздік дегенді тәртіпсіздік деп ұғып, мемлекет мүлкіне қол сұғып, халықтың ырысын талан-таражға салып жүргендер бар. Тәңірден тәлейімізге бұйырған азаттықтың оңай келмегенін, бұл күн халқымыздың ғасырлап күткен асыл арманының жемісі екенін ешкім жадынан шығармаса деймін.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Оқырман ойы: Жақсы істердің жаршысы
Халықпен бірге Абай облысының оқырмандары да «Egemen Qazaqstan» газетін еліміздің бас газеті деп білеміз. Көңіліндегіні тауып, таным байытып отырғанына биыл 105 жыл толып отырған бұл газетті өңір ардагерлері үзбей оқып келеді. Келер жылға да арнайы жазылып жатқан жайымыз бар.
Тарих • 13 Желтоқсан, 2024
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Алаш арыстарының көпшілігі 1937-1938 жылдары «халық жауы» есебінде жалған, ауыр айыптаулармен атылып кеткеннен кейін олардың мұралары түгелге жуық тәркіленгені белгілі. Алаш арыстарының артында жүздеген кітабы қалды. Оны алаштанушы-ғалымдар, төте жазуды оқып, зерттеп жүрген азаматтар зерделеп, қазақ оқырмандарына қайтадан ұсынып жатыр. Бірақ ащы болса да ақиқат сол арыстардан – Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Телжан Шонанұлы мен Қошке Кемеңгерұлынан қалған қолжазбалар жоқтың қасы. Ал қазір пайдаланып жүргеніміз – тек қана ресми баспада шыққан кітаптары, басылымдарда жарияланған мақалалары, мұрағаттар, деректер. Баспадан шыққан кітаптардан да құнды нәрсе – қолжазба, яғни автордың ең алғашқы, ең дұрыс деп қараған түпнұсқасы. Ал баспадан шыққан кітаптарда сол кездегі цензураға ұшырап, басылмай қалған тіркестер де болады. Кітаби нұсқа мен қолжазбаның арасы жер мен көктей.
Заң мен Тәртіп • 12 Желтоқсан, 2024
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Парламент әдеттегідей жылды қарқынды жұмыспен аяқтағалы отыр. Осы жылы да негізгі салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары әзірленді. Заңдар жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап күшіне ене бастайды. Онда Мемлекет басшысы белгілеген басым міндеттер ескерілген. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында 70-ке жуық, Сенаттың қарауында 14-ке жуық заң актісі бар, көптеген жобаның жұмысы аяқталды және заңдарға Президент қол қойды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның бірінші әуе кемесі
Ленинградта Қазақстанның бірінші әуе кемесі істеліп шықты. Кеменің бағасы – 18 мың сом, өзі соғысқа арналып істелген. Сондықтан Қазақстаннан барған комиссия оны Ленин атындағы әуе кеме отрядына тапсырды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Ұлылар мен ірілердің ізі қалған
Қырық жылдық журналистік ғұмырымның 27 жылы ел газеті «Егемен Қазақстанда» өткен екен. 1990 жылдың 1 желтоқсанында бас редактор Шерхан Мұртазаның бұйрығымен «Социалистік Қазақстан» газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кірістім. Бес жыл еңбек еткен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының ұжымымен қимай қоштастым. Содан кейін рухани қара шаңырақта үздіксіз еңбек етіп, тілшіден басылым басшысына дейінгі жолдан өткен екенмін.
Тұлға • 12 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың 20–30-жылдарында кеңестік империя «халық жауы» деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматтарын жазықсыз жазалағанына тарих куә. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысынан он мыңнан астам адам түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, жер аударылды. Сондай қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбыраев еді.
Тағзым • 12 Желтоқсан, 2024
Алаш қайраткерінің зерделі тұяғы еді
Күні кеше мұхиттың арғы жағынан қаралы хабар келді. Түркістан автономиясының тұңғыш төрағасы, Алашорда үкіметінің көрнекті өкілі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер Мұхаметжан Тынышбаевтың ұлы, ғалым Дәулет Шейх-Әли дүниеден өтіпті...