Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3278 материал табылды

Тұлға • 09 Қыркүйек, 2024

Ақжүрек азамат еді

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов адамдарды екі топқа бөлген екен. Оның бірі – төңірегіне түн-түнек орнатып, кең дүниені тарылтып, адамдардың мазасын алып жүрсе, екіншісі – төңірегіне нұр шашып, айналасындағыларды қанаттандырып, өзімен тең санап, ақылдасып жүрер кенендер тобы көрінеді.

Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024

Жаңаөзеннің қатепті қара нары

Тау тұлғалы талант Әбіш Ке­кіл­байұлы «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасында мұнайлы Маң­ғыс­таудағы Жаңаөзенді «...Теңізден алыс­та, жан-жағын тақырлар мен алапат қазан шұңқырлар қоршаған мидай жазықта жергілікті ұлутастан салынған қырмызыдай құлпырған қызғылт қала тұр. Бұл – Жаңа Өзен қаласы. Мұнайшылардың, барлау­шылардың, газ өңдеушілердің астанасы» деп сипаттаған екен. Бүгінде 150 мыңдай халқы бар осы қаланың дүниеге келуіне негіз болған, елімізде «қара алтынды» өндірумен айналысатын 12 мыңнан аса мұнайшы еңбек ететін қала құрушы компаниялардың бірі «Өзенмұнайгаздың» құрылғанына биыл – тура 60 жыл.

Зерде • 07 Қыркүйек, 2024

Естен кетпес есен күндер

«Сенім» сөзінің түбірі – «сен». «Сен» болғанда, етістік нұсқа­сында емес, кәдімгі есімдік. «Менің СЕН+ім» деген тәуел­дік мағынасындағы тіркес. Бұл жаңылтпашқа қалай қарайсыз, аға?». Әдетте екеуіміздің әңгімеміз тұтқиылдан осылай оңай басталып кете беретін.

Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024

Ғылымның алтын жебелі сардары

Әлкей Хақанұлы Марғұлан – сан-салалы ғылымның тарауын жүйрік білетін, араб-парсы, түрік тілдеріне жетік, латынша, ағылшынша, немісше, французша танитын, екі тілде еркін көсілетін, әр құбылысты егжей-тегжейлі ұшан-теңіз мысал-деректермен тексеретін білімі телегей-теңіз айтулы оқымысты. Жастайынан туған халқымыздың таңғажайып тамаша көркем мұра­лары­нан нәр алып, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи сынды Шығыстың ой­шыл алыптарының туындыларын түп­нұсқадан оқыған көкірегі нұрлы жан.

Тағзым • 07 Қыркүйек, 2024

Ахмет Бірімжанның зираты

Көзі ашық қазаққа Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанды таныстырып жату артық.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Әділдік пен заң үстемдігі

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Еліміздің алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына бағытталған Жолдауда алдағы жылдарға арналған дамудың 9 негізгі стратегиялық бағыты белгіленіп, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер қойылды.

Тәрбие • 07 Қыркүйек, 2024

Жасампаз ұлттың ұпайы түгел

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қай елде болсын, қай заманда болсын ел болашағы жастардың қолында екені анық.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергия­сын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Сала маманы және жетекшінің бірі ретінде АЭС-тің басқа энергия көздерінен (cу, көмір, газ, жел, күн) артықшылығына аз-кем тоқталғым келді.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2024

Тапшылықты еңсерудің басты амалы

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы атом электр стансасын салуға қатысты пікірі бәрімізді бейжай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, дегенмен халықтың дені жағдайды жақсы біліп, бейбіт атомды ел игілігіне пайдалануға қарсы емес. Мұны қоғамның бел ортасында жүрген соң айтып отырмыз.

Тұлға • 06 Қыркүйек, 2024

Алаш сарбазы – алғашқы геолог-мұнайшы

«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының байырғы мүшесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Нәзір Абдулқадырұлы Әзірбаев қоғам ісіне отыз бес жыл бойы белсене атсалысып келеді. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған алғашқы қазақ инженерлерінің, мұнайшы геологтардың есімдерін жаңғыртуда үлкен шаруа атқарды.