
Өмір бар жерде өлім бар, табиғаттың заңдылығы сол екен, әрбірін қимағанымызбен, бәрі кезегімен дүниеден өтіп кетті. Қалихан ағамыздың да жақында 90 жылдығын артындағы ұрпақтары, оқырмандары жұмылып тойлағалы жатыр.
Бес тапалдың соңғысы осы Әкім Тарази еді. Әдебиетке адал Әкім көкеміз де тіршілігінде мызғымас мұраттарды маңдайға тұтқан талай шығарма жазды. Жылдар бойы ұрпақ жадында жаңғыра түсетін, көңіл тербеп, жүрек толқытып, саналарды сәулелендіретін өлмес туындылар қалдырды. Еңбектері ел көлемінде, мемлекеттік тұрғыда мойындалды, жоғары бағаланды.
Қандай жағдай болсын, ағамыз сабырлы, салмақты адам еді. Тау қозғалса қыңбайтын мінез бергендей елестейтін. Артындағы інілеріне қамқорлық жасаудан танбайтын. Жоғарыда айтқан ағаларымыздың еш жамандығын, ұсақтығын көрген жоқпыз. Қимағанымызбен, қанша қиналсақ та сабыр етіп, артындағы ұрпақтарына, Құдай қосқан қосағы Розаға көңіл айтамыз. Ұрпақтары аман болсын.
Әкімнің мәңгілік сапары енді басталды. Шығармаларын қалың оқырманы қолдан түсірмейді.
Кәдірбек СЕГІЗБАЙҰЛЫ,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты