Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3276 материал табылды

Қазақстан • 14 Тамыз, 2024

Су мәселесі – елдік мәселе

Биыл Атырауда Қазақстан Президентінің қатысуымен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрыл­тайдың үшінші отырысы өткені белгілі. Жиында Мемлекет басшысы көптеген маңызды тақырыптарды, соның ішінде суды үнемдеу мәдениетін енгізу мәселесін көтерді.

Пікір • 14 Тамыз, 2024

Мелиорацияның көкейкесті міндеттері

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда су мәселесін қозғап, бұл саланың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осы орайда елде су тапшылығы пайда болғанын, материалдық қана емес, рухани ысырапшылдыққа жол берілгенін сынады. Президент сөзінің жаны бар. Мәселеге тереңнен үңілсек, тиянағын таппай тұрған мысалдардың қарасы қалың екені аңғарылады.

Пікір • 13 Тамыз, 2024

Салдармен емес, себеппен күресу қағидаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені­мен Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті. Әр басқосуда көтерілген өзекті мәселелермен қатар, қоғамның құнды­лық­тарына айналуға тиіс ұғымдарға баса назар аударылды. Олар – адал азамат, адал адам, адал табыс. Бұл тү­сініктер Әділетті Қазақстан құру идеясымен ұштасады.

Тұлға • 12 Тамыз, 2024

Ғалым ғибраты

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығы қандай өміршең. Академик Сыздық Рабиға Сәтіғалиқызының қазақ тіл білімін дамыту, өресін кеңейту, оның қолданбалы әрі теориялық құнын арттыру барысындағы еңбектері көптеген жаңалықққа толы. Әсіресе көрнекті ғалым қазақ тіл білімін дамытуға айрықша еңбек сіңірді. Ол тарихи-филологиялық тұрғыдан Абай тілін тұңғыш рет кең ауқымда зерттеп, орасан тың жаңалық ашты. Осы бағыттағы «Абай тілінің морфологиялық ерекшеліктері» «Абай шығармалары­ның тілі (лексикасы мен грамматикасы)», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Язык произведений Абая», «Абайдың сөз өрнегі», «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» секілді бірегей еңбектері – сөзіміздің дәлелі.

Тарих • 10 Тамыз, 2024

Бие сүті емі

Бүгінде қысы-жазы сатылатын қымыз қазақ баласына аса таңсық емес. Әрине, мәселе – сапасы мен дұрыс бапталуында. Кейінгі заманда шыққан «Биесі жоқ үйдің қымызы» деген мәтел бар. Бұл қолдан жасалған «бірдеңені» меңзейді. Яғни көзбояушылық һәм арсыздың ісі.

Тұлға • 10 Тамыз, 2024

Қонаевтың көмекшісі

Ол өзі көзге көп көрінбегенмен, өзгелер оны жақсы таныған тұлғалардың бірі болды. Ел ішінде оның есімін білмейтіндер кем де кем еді. Бұл, бәлкім, Дүйсетай Бекежановтың республиканы ұзақ жыл басқарып, елі мен жерін көркейтуге өлшеусіз үлес қосқан басшы, кемел ойдың иесі, ақыл-парасаты мен ғылым-білімі толық ұштасқан жан, кең көлемді мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевқа ең жақын жүрген адам болғандығынан да солай шығар. Ал басқалар онымен қарым-қатынас орнатып, жақсы болуға тырысатын. Өйткені Дүйсетай арқылы Димекеңе апарар жолдың есігі ашылатын-ды.

Абай • 10 Тамыз, 2024

Хакімнің сөзі – ақылдың көзі

Ғибадат (Он екінші сөз) Иман ұғымы қазақ санасына ислам діні арқылы енгенмен, келе-келе ар, білім­нің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иманжүзді дей­­тіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибадатсыз болмай­ды.­

Руханият • 09 Тамыз, 2024

Науаи және Абай

Ерен ойдың жүйрігі, поэзия падишасы, айту­лы ғұлама Әлішер Науаи – қа­зақ поэзиясының шыңы Абай Құнан­бай­ұлына ерекше әсер еткен тұлға.

Пікір • 09 Тамыз, 2024

Фумио КИШИДА, Жапония Премьер-министрі: Ынтымақ пен дамуға бастайтын диалог

Аталған диалог 2004 жылы Жапонияның бастамасымен дүниеге келген және биыл оған 20 жыл толып отыр. Жа­пония билігі хабар­лағандай, Кишида мырза диалог аясында орнаған серік­тестік пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Жапония Үкіметінің басшысы Орталық Азия елдері басшыларымен жоғары деңгейде кездесу өткізбекші. Кездесулер барысында халықаралық ауқымдағы екіжақты мәселелер мен ынтымақтастық төңірегіндегі және жекелеген салалардағы кең ауқымды қарым-қатынастарды нығайту көзделіп отыр.

Президент • 08 Тамыз, 2024

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

I. ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.