Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24928 материал табылды

Аймақтар • 13 Ақпан, 2026

Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды

Қарағанды облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының қызметі ресми түрде  басталды. Бұл коалиция жаңа Конституция жобасының баптарын кеңінен қоғамдық талқылау және түсіндіру, сондай-ақ оның негізгі ережелерін облыс тұрғындарына жеткізу мақсатында құрылды. Бастама азаматтармен ашық диалогты күшейтуге және қоғамды мемлекеттік реформалар процесіне тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 13 Ақпан, 2026

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

Шымкентте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалиция құрылды. Коалицияның негізгі міндеті – референдумға шығарылған өзгерістерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру, ашық әрі мазмұнды қоғамдық диалогты қамтамасыз ету және азаматтардың науқанға саналы түрде қатысуына жағдай жасау, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 13 Ақпан, 2026

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлерімен өткен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Аида Балаева жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталып, бұл құжат елдің болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 13 Ақпан, 2026

Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі

Қазақстанда жаңа Ата заңды қабылдау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның тағдырын азаматтардың өзіне сеніп тапсыру − мемлекеттік биліктің ашықтығы мен жауапкершілігінің айғағы.

Білім • 13 Ақпан, 2026

Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?

2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Қазақстандағы білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын оқыту процесіне сауатты әрі сапалы енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Экология • 13 Ақпан, 2026

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Қазір экология мәселелері адамзат үшін ең өзекті әрі күрделі проблемалардың біріне айналды. Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың жаһандық өзгеруі және биоалуандылықтың азаюы табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметтері бойынша, кейінгі онжылдықтарда парниктік газдардың көлемі айтарлықтай артып, жаһандық орташа температураның көтерілуіне себеп болған.

Референдум • 13 Ақпан, 2026

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Құрметті референдумға қатысушы! Сіздің референдумға қатысу­ға конституциялық құқығыңыз­ды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу.

Пікір • 13 Ақпан, 2026

Конституция – кемел келешек кепілі

«Заман басқа, заң басқа» дейді қазақ. Заман өзгергенде, қоғам өзгергенде, адам өзгергенде заңның өзгеруі – қисынды нәрсе. Бұл жалпы заңнамаға ғана емес, Негізгі заң – Конституцияға да қатысты.

Пікір • 13 Ақпан, 2026

Бірлікті көрсететін шақ

Қазіргі жаһандық даму жағдайын да экономикалық және технология­лық трансформациялар әлемдік тәртіптің бет-бейнесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Әлеуметтік-саяси үдерістер қарқын алып, геосаяси тұрақсыздық пен тәуекелдер күшейіп келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің өміршеңдігі бұрынғыдай тек ресурстарға не формальды егемендікке емес, институционалдық беріктікке, құқықтық жүйенің әділеттілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ қоғамның ішкі бірлігі мен құндылық тұтастығына тікелей тәуелді бола түсті. Сондықтан тәуелсіздік –бір мәрте қол жеткізіп, мәңгілікке сақтала беретін мәртебе емес, үздіксіз еңбекті, жаңғыруды талап ететін күрделі әрі жауапты үдеріс.

Ата заң • 12 Ақпан, 2026

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика