
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Биыл Солтүстік Қазақстанда қар қалың. Өткен жылдың аяғында бір аптадай 40-45 градустық қатты аяз тұрды, одан жылымық болып, қар еріп, тіпті жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналды. Жаңа жыл басталғалы аймақта ауа райы тұрақталып, 15-20 градус аязды көрсетіп тұр. Есесіне күнде дерлік қар жауады. Тазалаушылар жолды қардан аршып үлгере алмай, қаладан шығатын күре жолдар күн ара жабылып жатады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Петропавл қаласындағы 2-ЖЭО-ның 2022 жылдың наурыз айында ортан белінен опырылып түскен мұржасының жыры әлі де жалғасып келеді. Дәл Наурыз мерекесінің қарсаңында құлаған мұржа қала жұртшылығын ғана емес, барша ел халқын дүр сілкіндірді десек, артық айтқандығымыз емес. Құлаған кірпіш пен цемент кесектері қазандық цехын басып қалып, үйіндінің астында машинист-байқаушы болып істеген әйел адам қаза болды. Бұл уақытта Солтүстікте әлі жылыту маусымы аяқталмаған, өңір әлі де қыс ызғарының құрсауында еді. Сондықтан үйлерімізге жылу жетпей қала ма деген қалалықтардың қорқынышын да түсінуге болады.
Ауыл • 11 Қаңтар, 2024
Ауылда тұрып бүкіл елге мойындалған қазақ жазушылары саусақпен санарлық. Соның бірі – еліміздің қиыр терістігінде туып, ауыл мектебінде мұғалім болып жүріп 31 жасында Алматыдан тұңғыш кітабын шығарған Ермек Қонарбаев. Сол жылдары Алматыдан кітап шығарту түгіл мақаласын орталық басылымдарға бастырту теріскейдегі ағайын үшін оңай шаруа емес еді. Тек мықтының мықтысы ғана мойындалып, шығармашылығына назар аударылатын.
Аймақтар • 03 Қаңтар, 2024
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында жаңа жылдың бірінші күнінде 16 пәтерлі екі қабатты үйде жалындаған от 13 адамды ажал құштыра жаздады. Күн күрт жылып, қар еріп жатқан. Үйге іргелес салынған қазандықты жағушылар отты нормаға сәйкес үстеп салса керек, жалын кенет көтеріліп, от үйдің бірінші қабатын шарпып кеткен. Қазандық қуысы кіреберісте болғандықтан екінші қабаттың тұрғындарының шығуына жол бермеген.
Спорт • 02 Қаңтар, 2024
Жаңа жыл қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) құрылғанына 30 жыл толу салтанаты мерекелік жағдайда аталып өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҰОК бас хатшысының орынбасары, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысты.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Сексен жүк көлігі қар құрсауында қалды
Өткен түнде солтүстікте қатты боран болды, ал алдында ауа температурсы күрт көтеріліп, жаңбыр жауды. Суық желден жолдың бәрі көктайғақ болып, боран да үдей түсті. Барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Шаруашылық • 28 Желтоқсан, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Осы ретте 100-ден астам ірі тауарлы-сүт фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі», деген еді. Облысты осындай ірі жетістіктерге жеткізген ауданның бірі – Мағжан Жұмабаев ауданы.
Құқық • 22 Желтоқсан, 2023
Қазір Парламент Мәжілісінде «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасы бизнестің жауапкершілігін арттыру және тұтынушының құқын қорғаудың тиімділігін жетілдіруді көздейді. Сонымен бірге бұл іске үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын арттыру мақсатын алға қойған. Заң жобасы Мемлекет басшысының тұтынушылардың мүддесін қорғау туралы берілген тапсырмасының негізінде әзірленген.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2023
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан Шал ақын мен Ғ.Мүсірепов аудандары – іргелес жатқан мекендер. Екеуінің де тарихы бай, даму қарқыны жоғары.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Еліміздің Солтүстік қақпасы атанған Петропавл қаласы жыл сайын жаңғырып келеді. Шаһар экономикасының драйвері өнеркәсіп болса, биылғы 10 айда олар 349,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 289,2 млрд теңгеге жетті. Машина жасау саласында 138,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оң динамика тамақ өнімдерін өндіруде де байқалады.