
Аймақтар • 04 Қазан, 2023
Қыр астында қылышын сүйретіп қыс келе жатқандықтан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шаһарға жылу мен электр қуатын беріп тұратын бірден-бір көз – атышулы ЖЭО-2-нің жұмысымен танысты.
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Қарттар күні қарсаңында тәртіп сақшылары ведомство ардагерлеріне барып, мерекемен құттықтауды әдетке айналдырған. Соның ішінде полицияда 30 жылдан аса қызмет еткен ардагерді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың өзі барып құттықтады. Ермек Талғарбаев ағамыз Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған. Қызметтің басым бөлігін Шу стансасында өткеріп, есірткіге ымырасыз күрес ашқан құқық қорғаушылардың бел ортасында жүрді. Негізгі қызметі милицияның балалар бөлмесінде, қылмыстық іздестіру бөлімдерінде жалғасып, кейіннен басшылық қызметтерге дейін өсті.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023
Сақылдаған сары аязды қарсы алуға дайындық жұмыстары Солтүстік өңірде жаз бойы жүргізіледі. Синоптиктердің айтуына қарағанда, қазіргі күн мизамшуақ, мамыражай болып тұрғанымен, осы айдың аяғынан бастап суытады. Суық күннен деміңді ішіңе тартып, күшене беретіндіктен, «күшеншек айы» аталған қазан күшіне мінеді.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Сембай Жәнібеков 1911 жылы дүниеге келген. Туғаннан тағдыр тезіне ілігіп, дүние есігін енді ғана ашқанында анасы өмірден өткен. Әз ана жаны қиналып жатып өмірінің соңғы сағатында жаңа туған Сембайды күйеуі Қазыбектің ағасы Жәнібектің Азықан деген ұлының жас түскен келіншегі Кәменге «сүйегі – менікі, еті – сенікі», құдай алдында сұрауы жоқ, сен бағып өсір деп өз қолымен тапсырып кетеді. Сөйтіп, Сембай ағамыз осы отбасында өсіп, тегін Жәнібеков деп жаздырған.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында жастардың жасампаз күш-қуатын қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланатын волонтерлік қозғалыс жақсы қарқынмен алға басып келеді.
Мирас • 20 Қыркүйек, 2023
Жүз жыл бойы мұраны мұқияттаған
Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Сонау аумалы-төкпелі жылдарда Ақмола губерниялық атқару комитетінің қаулысымен шаңырақ көтерген бұл мекеме содан бері өлке тарихының қымбат қазынасына айналған мұрағаттарды сақтау, зерттеу, насихаттау ісінде республикада алдыңғы қатарда келеді.
Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2023
Жаз бойы жауынның ала-құла жауғанына қарамастан солтүстікқазақстандықтар біршама жақсы астық өсірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетовтің айтуына қарағанда, орта есеппен кемінде гектарынан 12-13 центнерден астық жинауға үміт бар еді. Бірақ тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында үзіліссіз жауған жаңбыр диқанның көңіл-күйін түсіріп кетті. Дестеге түскен астық та, дәні де өніп кетіп жатыр. Күн сәл ашылғанда дестені аударумен айналысып жатқандар көп. Алқапқа комбайн оңайлықпен кіре алмайды, жауын жерді езіп жіберген.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
Қоршаған ортаның қолайсыз ахуалы
Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық ахуалы қалыпты жағдайда, дегенмен көптеген бұзушылыққа жол беріліп отыр. Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың айтуына қарағанда, қалдықтарды үюдің тәртібін бұзған 242 орын табылған. Соның 172-сі – рұқсат етілмеген жерге үйілген қоқыс пен қалдықтар. Қалған 70-інің де жағдайы мәз емес, ондағы қоқыстар белгіленген шекарадан асып кеткен. Қазір соның 186-сы жойылған. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері ғарыштық зондтау арқылы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопарталы арқылы анықталған.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023
Петропавлда өзін пәтерге тұрғызған қартты тонаған алаяқ ұсталды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
Биылғы суға түсу маусымында ел бойынша 177 адам ажал құшқан. Бұл сан – былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға азайған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында да 5 адам суға батып қайтыс болды.