Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1730 материал табылды

Аймақтар • 24 Қараша, 2023

Солтүстік Қазақстан облысында 183 елді мекен жарықсыз қалды

Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды.

Аймақтар • 22 Қараша, 2023

Алыс аудандар тынысы

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың мен Ақжар аудандары өңірдің екі шетінде орналасқан. Аққайың ауданы үлкен жолдың үстінде, соған сәйкес инфрақұрылымы да жоғарырақ дамыған. Аудан 1928 жылы құрылған, орталығы Смирнов ауылы – Петропавл қаласынан 40 шақырымдай жерде. Алғашында бұл ауыл Дәрмен деп аталып, артынан Смирнов деген инженердің аты берілген.

Экономика • 21 Қараша, 2023

«Qyzyljar» АЭА: Тынысы мен тірлігі

2019 жылдың қазанында Премьер-министрдің Қаулысымен Петропавл қаласының аумағында «Qyzyljar» атты Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ (АЭА) құрылды. Арнайы аймақ 2044 жылға дейінгі кезеңде әрекет ететін болады. Бұл – еліміздің аумағында құрылған 13-арнайы аймақ, бөлінген жер көлемі – 212,3 гектар. Оның мақсаты – инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар жасай отырып, тауар өндірушілерді Петропавл қаласы мен солтүстік өңірдің экономикалық дамуына тарту. Негізінен, жеңілдіктер мен преференциялардың өзі де инвесторлар үшін өте тартымды. Атап айтқанда қазіргі заманға лайық тауар өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан мүлде босатылады. Импорттық ҚҚС-да төлемейді. АЭА аумағына жеткізілетін шикізат пен құрал-жабдықтар кеден салығынан босатылады. Жерді пай­даланғаны үшін ешқандай жалдау құнын төлемейді. Осының үстіне дайын инфра­құрылымдарды да қолданады. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін жал­дауға жеңілдетілген тәртіп жасалған.

Аймақтар • 20 Қараша, 2023

Тәлімі мол әкелер форумы

Жуырда Петропавлдағы «Digital Urpaq» оқушылар сарайында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын...» атты облыстық әкелер форумы өтті. Мұны «Сенімен болашақ» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды.

Еңбек • 15 Қараша, 2023

Еңбегімен ел құрметіне бөленген

Қызылжар өңіріндегі Барлыбаевтар отбасының өмірі мен қыз­меті көзіқарақты оқырманға көптен таныс. Әсіресе, кейінгі жыл­дары Алаш азаматтарының әскер жинауға арнаған ұлан-­ға­йыр шарасын қыстауында өткізіп, оқыған азаматтар­­дың бәрін жеке өзі күткен Әлти мырзаның ел үшін­­ жа­­са­­ған игілікті ісі тарихи деңгейде бағаланып, насихатталып жүр.

Қоғам • 13 Қараша, 2023

Ынтымақтастық қарқыны үдей түседі

Қазақстан мен Ресей Федерациясының 500 адамнан артық адам қатысқан өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен жүздесті. Кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz. 

Еңбек • 13 Қараша, 2023

Орманшының еселі еңбегі

Сәбит Мұстафин – Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының тумасы. Бұл ауыл Солтүстік Қазақстанда 80-жылдары құрылған он шақты ғана таза қазақ кеңшарларының бірі. Қазір М.Жұмабаев ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы болып жүрген Оралбай Сағындықов басқарған жылдары Бұлақ кеңшары гектарынан 31 центнерден астық жинап, республикада рекорд жасаған. Ал кеңшардың Жәмет Кәкімов басқарған Ақтастағы бригадасы тіпті 33 центнерден астық алып, бригадирдің өзі кеудесіне кеңестік «Еңбек даңқы» орденінің ІІ дәрежесін қадаған.

Заң • 12 Қараша, 2023

Жол қаржысын жымқырғандар жазаланды

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, Ғ.Мүсірепов ауданында бюджет қаражатын қолды қылу дерегі анықталған. Бұл заңсыздықты прокуратура қызметкерлері 2022 жылғы мәліметтерді тексеру барысында әшкерелеп отыр.

Құқық • 07 Қараша, 2023

Жаза қатаң болмаса...

Мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің маңызды және міндетті элементтерінің бірі – қоғамдық тәртіп. Мұны қалыптастырмай, қоғамның тыныс-тіршілігін елестету мүмкін емес.

Денсаулық • 07 Қараша, 2023

Жұқпалы дерт дендеп тұр

Суық түссе Солтүстікте тұмауға шалдыққан адамдар көбейеді. Бұл – қалыпты жағдай. Халық оған қарсы күресудің, вакцина алудың жолдарын әбден меңгерген. Бірақ кейінгі жылдары балалар арасында қызылшаның көбеюі медицина қызметкерлерін алаңдатып отыр.